Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Политехникалық колледжінде «WorldSkills Shymkent - 2024» қалалық чемпионатын өткізу бойынша түсіндірме жұмыстары өтті, деп хабарлайды интернет-ақпараттық ресурсы NO-COMMENT.KZ.
Арнайы ұйымдастырылған іс-шараға Шымкент қаласы білім басқармасының Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің бас маманы, WorldSkills Shymkent қозғалысына жауапты тұлға Лаура Амангелдіқызы, әр колледжден WKS қозғалысына жауапты директордың орынбасарлары, ұйымдастыру комитеті, 42 құзыреттілік бойынша Бас сарапшылар мен барлық сарапшылар қатысты.
«М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі» МКҚК директорының ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары Сеилхан Саиыпназарұлы WorldSkills Kazakhstan Бас Ассамблеясының отырысында қаралған мәселелер бойынша ақпараттық талдау жасады.
Атап айтқанда:
- «WorldSkills Kazakhstan» қозғалысының 2024-2027 жылдарға арналған даму тұжырымдамасы;
- «WorldSkills Kazakhstan» чемпионатының ережесі;
- Алдыңғы жылдардағы кемшіліктер мен санитарлық талаптардың дұрыс сақталмауы;
- Жүйелі мәселелер мен шешу жолдар және күтілетін нәтижелер;
- Техникалық делагаттардың жауапкершілігі туралы түсірме жұмыстарын баяндады.
Халықаралық сарапшы, «Индустриялық-техникалық колледжі» МКҚК директорының орынбасары Абдуллаев Нұрболат - CIS жүйесінде жұмыс істеу, бағалау бойынша жаңадан тағайындалған Бас сарапшылар мен сарапшыларға нұсқаулық беру және «WORLDSKILLS SHYMKENT-2024» кәсіби шеберлік чемпионатын дұрыс ұйымдастыру;
- CIS жүйесіндегі сарапшылардың құқықтары;
- CIS жүйесіне құзыреттіліктерді енгізу бойынша баяндады.
Жиын қорытындысында сарапшылар көкейдегі сұрақтарына қанағаттанарлық жауап алып ұсыныстарын айтты.