Әкімдік имиджі үшін 125 миллион теңге

Әкімдік имиджі үшін 125 миллион теңге

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов әкімдік имиджін көтеру үшін бюджеттен 125 миллион теңге бөлінді деген даулы ақпаратқа қатысты пікір білдірді.  

ОКҚ-да өткен онлайн брифинг барысында «әлеуметтік желілерде жағымды пікір үшін 125 млн теңге бөлудің қаншалықты қажеті болды?» деген журналистердің сауалына жауап берген қала әкімі Алтай Көлгінов аталған лоттың жойылғанын және әкімдіктің оң имиджін қалыптастырудың қажеті жоқ екенін мәлімдеді.

«Мұны ойластырған басқарма басшысы жауапқа тартылды. Бұл лот жойылды, қазір ол жоқ. Бұл мәселе туралы кейбір БАҚ қате түсінік берді. Осыны ұйымдастырған адаммен сол сәтте-ақ келісімшарт бұзылды», - деп түсіндірді Көлгінов.

Сондай-ақ, қала басшысы әкімдіктің жұмысына қатысты оң имидж қалыптастыруға биыл да, келесі жылы да бюджеттен 1 тиын да бөлінбегенін айтты.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірқатар медициналық ұйымдарға барып, өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, БАҚ...

2025 жылғы 23 тамызда Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» ұранымен жалпықалалық сенбілік өтті. Экологиялық шараға 3 755 адам қатысып, 136 техника...

Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының 30 жылдығына орай «30 жылдық...

Шығыс Қазақстан облысында ауылдық елді мекендерде азаматтық қорғау жүйесін дамыту және өртке қарсы қауіпсіздікті нығайту бойынша жұмыстар жалғасуда.  Жыл соңына дейін...