№2 Оқушылар сарайының жас журналистері “Жас тілшілер” форумында жеңімпаз атанды.
Шымкент қаласы №2 Оқушылар сарайының журналистика үйірмесінің шәкірттері Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы
XLIX республикалық “Жас тілшілер” форумына қатысты. Журналистика үйірмесінің 3 бірдей талантты шәкірті республиканың түкпір-түкпірінен 200-ге жуық оқушы бақ сынаған “Журналист болғың келе ме?” ең үздік шығармалар байқауынан жүлделі орындар иеленді. Атап айтар болсақ, Көркем Батырбек “Журналист болғың келе ме?” номинация бойынша ағылшын тілінде жазған шығармасы үшін - 2 орын, Балзира Ақылбек “Бердібек Соқпақбаев - балалар әдебиетінің бәйтерегі” номинациясында 2 орын, Мұрат Шералы “Ұлы жеңіске тағзым” номинациясында 3 орынға қол жеткізді.
Журналистика үйірмесі ұстаздары мен шәкірттері үшін “Жас тілшілер” форумының бәсі биік, орны айрықша. Себебі, жас журналистердің шығармашылық өсуіне үлкен дем беретін іс шара. Үйірме қатысушыларының Алматыға сапары көпке дейін ұмытылмасы анық.
Жас тілшіледі даму үшін «Жас тілші» үйірмесін ашу керек, студенттердің тілдік сауаттылықтарын арттыру,қоғамдық және күнделікті өмірде қажетті ауызекі тілді дұрыс қолдана білуге үйретуге, болашақ журналист,редактор,тілші,репортер мамандықтарына қатысты студенттердің білімін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Үйірмеге қатыса отырып, студент қазіргі журналистиканың қоғамдағы орны мен рөлін талдауды, бұқаралық, жүйелік және жаңа ақпараттық құралдарды қолдана отырып, журналистика саласының жедел және ұзақ мерзімді болжамын жасай білуді үйренеді.
Үйірмеге қатыса отырып, студент қазіргі журналистиканың қоғамдағы орны мен рөлін талдауды, бұқаралық, жүйелік және жаңа ақпараттық құралдарды қолдана отырып, журналистика саласының жедел және ұзақ мерзімді болжамын жасай білуді үйренеді.
Екі күнге жалғасатын форум бағдарламасында жас жеткіншектерге білікті журналистердің өте пайдалы шеберлік сағаттары, “Ұлан” газетінің редакциясына сапары және мәдени орындарға бару жоспарланған.