ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №97 жалпы орта білім беретін мектебінде «ЫРЫС АЛДЫ ЫНТЫМАҚ», «ҰЛТ АРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ», «ЛАЙЫҚТЫ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕЙІК» тақырыбында кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың, нашақорлыққа, суицидке жол берме, қыздар арасындағы ертежүктіліктің, адам саудасы, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасымен кереғар діни ағымдар мен секталардың іс-әрекеттердің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тәсілдері жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында мамандармен кездесу өтті, деп хабарлайды интернет-ақпараттық ресурсы "NO-COMMENT.KZ".
Кездесуге Еңбекші ауданы әкімі аппаратының бас маманы, Психикалық денсаулық орталығының психиатр-дәрігері, Шымкент қаласы Ішкі істер департаментінің Еңбекші полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметінің бөлімі ЮПТ УПИ полиция өкілі, Шымкент қаласының №6 теннис спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің Олимпиадаға ізбасарлар дайындау мектебінің өкілі, №6 теннис спорт мектебінің аға жаттықтырушылары мен жеңімпаздары және сегізінші-он бірінші сынып оқушыларының қатысуымен кездесу өтті.
Кездесуде тақырыпқа сай түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кеш соңында жасөспірімдердің спортқа, өнерге, мәдениетке қызығушылығын арттыру мақсатында үстел теннисінің спорт шебері Халықаралық жарыстардың жүлдегері Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін жеңімпазы Ералхан Дулат шеберлік сабағын өтткізді. Мектеп директоры - Арыков Кайрат Тулегенулы да оқушыларымызға шеберлік сабағын көрсетті. Оқушыларымыз үстел теннисіне қызығушылығы артып, шеберлік сабақтан көптеген құнды мағлұматтар алды. Кеш соңында оқушыларымыз қонақтармен естелік суретке түсіп, өз алғыстарын білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ...

30 жасқа толған, заң саласында жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан азаматы судья бола алады. Қазіргі уақытта судья лауазымына конкурстық іріктеу...