ШЫМКЕНТТЕ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АВТОБУС ПАРКТЕРІНІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

ШЫМКЕНТТЕ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АВТОБУС ПАРКТЕРІНІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
2024 жылдың 09 сәуірінде Шымкент қаласы Полиция басқрамасының бастығы А.Әмзеев қала аумағындағы жолаушыларды тасымалдау қызметімен айналысатын «Туркестанская Транспортная Компания», «Shymkent Bus» және «Радуга-транспорт» ЖШС-нің өкілдерімен кездесіп, қылмыстың алдын алу бойынша бірқатар мәселерді талқыланды.
Жалпы 3 автопаркінде 500-ге жуық автобустары күнделікті қала аумағында мыңдаған тұрғындарды тасымалдап, халыққа қызмет етуде. Барлық автобустар заманауи бейнекамера және аудио системамен жабдықталған.
Осыны ескерген А.Әмзеев аталған ЖШС-нің өкілдерімен арнайы кездесіп, қала аумағындағы барлық автобустардағы орнатылған бейнекамераларды және аудио системалардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қоғамдық көлікте орын алған кез келген құқық бұзушылықтарды, оның ішінде қалта ұрлығын алдын алуда, сондай-ақ қазіргі таңдағы өзекті мәселередің бірі интернет алаяқтардың айласы жайлы немесе басқа да құқық бұзушылықтарды алдын алуда тұрғындарды хабардар етуге келісімге келді.
Басты мақсат – кез келген құқық бұзушылықтың жедел алдын алу, интернет алаяқтардың пайда болып жатқан жаңа түрлерін халыққа жеткізу, оларды интернет алаяқтардан қорғап қалу, интернет алаяқтардың құрбандарының санын азайту.
Себебі, күнделікті теледидардан, радиодан және әлеметтік желілерінде интернет алаяқтарынан сақтану бойынша қаншама мәліметтер берілсе де оның құрбандары азаймауда. Қаншама тұрғындар алаяқартың кесірінен кредит арқылы қаражат қиыншылығына тап болып, өздерінің әлеуметтік жағдайларын төмендетуде.
Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу - қоғам алдындағы басты міндет. Әр азаматтың міндеті - заң талаптарын бұзбау және өзіне жүктелген міндетін орындау.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылы Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуында негізгі салалар бойынша оң өсімге қол жеткізілді. Экономиканың басты көрсеткіші болып табылатын...