Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында «Лудомания – бейбіт күнде елдің шырқын бұзып жатқан қатер. Соның кесірінен талай шаңырақ шайқалды. Талай азамат заң бұзып, қылмысқа ұрынады. Бұл дерт жас ұрпаққа өте үлкен зиян келтіреді» - деген болатын.
Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Шымкент қаласы Жоғары педагогика колледжінде «Лудомания және отбасындағы зорлық-зомбылық (Гемблинг)» тақырыптарында 14-35 жас аралығындағы жастарға семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Ісшараның мақсаты лудоманияның зияндығын насихаттау және отбасындағы зорлық-зомбылық туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.
Семинар тренингте Еңбекші аудандық «Ардагерлер жанынан құралған аналар кеңесі» төрайымы Нарбекова Дильдан Ибатбековна, Еңбекші аудандық «Ардагерлер жанынан құралған аналар кеңесі» мүшесі Нурғалиева Әлия, Еңбекші АПБ ЖПҚБ ӘЗЗҚ тобының инспекторы полиция аға лейтенанты Төребай Әсела Ермаханқызы, Психологиялық көмек, күйзелістің алдын алу және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің психолог маманы Сайдахан Жібек сөз сөйлеп, жеке іс тәжірибелерімен бөлісіп, маңызды ақпараттарды жеткізді.
Сондай-ақ, зиянды заттарды насихаттау мақсатында Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері «Лудомания – қауіпті дерт» тақырыбында Азимед колледжінің жастарына кездесу ұйымдастырды.
Кездесуге Шымкент қаласының Психикалық орталығының дәрігер психологы Алимова Ринада, Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теологы Тілләбек Саят және Тұран ауданы әкімдігінің қызметкері Сахов Мадияр қатысып, лудоманияның зияны мен салдары туралы толығырақ түсіндірді және онымен күрес жолында бірге жұмыс жасауға шақырды.
Жиын соңында, жастар белсенді қатысып, лудомания туралы өз ойларымен бөлісті.