БІЛІКТІ ҰСТАЗ – ТАЛАНТТЫ ШӘКІРТ

БІЛІКТІ ҰСТАЗ – ТАЛАНТТЫ ШӘКІРТ

Шымкент қаласындағы №2 Оқушылар сарайында осындай тақырыппен гуманитарлық жастар қозғалысы бағытының апталығы басталды.
Аталған бағыт үйірме жетекшілері мен ұйымдастырушы педагогтер таңғы 8:30-дан мекеме қызметкерлерін ерекше көңіл-күймен қарсы алып, тосын сыйлар жасады.

Өйткені, мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Ертеде оқу процесінде мұғалім басты рөл атқарса, қазіргі таңда мектептер оқушының іс-әрекетімен бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын әдіс тәсілдер жетерлік.

«Ұстаз – жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын, алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ, ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» – дейді әлемге әйгілі ойшыл Әл-Фараби.


Ресми бөлім шешендік өнер үйірмесінің оқушысы Әли Біржанұлының арнауымен ашылып, сарай директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Перизат Бектаева сөз алып, ұжым қызметкерлері мен шәкірттерге жылы лебізін жеткізді. Оқушылар өлең-жыр оқып, күй тартты.
Әрбір үйірме жетекшілері жеке дара бөлініп, басқа да мұғалімдерге өз салалары бойынша қызықты сұрақтар қойып, педагогикалық және психологиялық біліктіліктерін шығармашылық тұрғыда сынап көрді. Тосын сұраққа тосылмай жауап бергендер тәтті сыйлармен марапатталды.
Апталық апта бойы түрлі іс шаралармен жалғасатын болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін таңертемен спорт сүйер көпшілік қаламыздың мақтанышы “Дендросаябаққа” жиналды. Онда Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай жаппай жүгіру...

«Интер Майами» добился крупной победы и лидирует в МЛС. Нью-Ингленд Революшн — Интер 1:4 Через неделю «Интер Майами» ждет первое в нынешнем сезоне испытание повышенной...