РОБОТОТЕХНИКА - БҮГІНГІ КҮННІҢ ҚҰРАЛЫ

РОБОТОТЕХНИКА - БҮГІНГІ КҮННІҢ ҚҰРАЛЫ

А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасында Шымкенттегі Американдық бұрыштың ұйымдастыруымен, қаламыздағы мектептер арасында робототехника турнирі өтті.
Бағдарлама АҚШ елшілігінің қолдауымен және “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе жүзеге асып отыр.
-Біз бүгін ғылымның, инженерия мен математиканың маңыздылығын көрсетіп, мұғалімдер мен оқушылардың білімге, жаңашылдыққа ұмтылуын қолдау үшін жиналып отырмыз. Бұл жоба еліміздің 10 қаласында сәтті өтіп, болашақ инноваторларымызды айқындады. Жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік берген Stem мұғалімдерді даярлау курсы қала мектептерінің информатика мұғалімдерін 1 апта 3D модельдеу, робототехника және электроника қолдануда білімдерін арттырып, оқытты. Үздіксіз оқудың нәтижесінде бүгінгі турнир өтуде. Бұл білім беруде, Stem мәдениетін дамытуда маңызды қадам, - дейді Шымкенттегі Американдық бұрыштың үйлестірушісі Алина Анарбекқызы.
Турнирге 20 мұғалім, 40 оқушы тың идеяларға толы жұмыстарын ала келген.
- Оқушыларыммен төтенше жағдай кезінде өрт сөндіргіш ұшақтарды қашықтан басқару бойынша жасалған ерекше жобамен келдік. Мұндай жобалар тәжірибе алмасуға, достығымызды нығайтуға септігін тигізеді. Роботехниканы жақсы меңгерген балалардың техникалық ғылымдарға дағдылары қалыптасады. Күрделі логикалық бағдарламалар жасай алса, код жаза алса, физика заңдарын жақсы меңгерсе, ол сөз жоқ осы салада жетістікке жетеді. Келген қатысушылардың бәрінің жобасы жаңашыл. Келешекте өндірісте қолдануға өте керек дүниелер, - дейді №41-ші мектеп-лицейінің информатика пәнінің мұғалімі Арайлым Дүйсебекова.
Турнирге қатысушы жастардың алға қойған мақсаттары айқын. Сұхбаттасқанда бәрінің болашақта start up жобаларды ашып, еліміздегі ақпараттық технологиялар саласын дамытуға үлес қосқысы келетіндіктерін байқадық. Турнир соңында үздік деп танылған жоба иелерін марапаттап, дипломдар тапсырылды.
Айта кетейік, Америкалық бұрыш - Америка елшілігі мен Қазақстандағы кітапханалар арасындағы серіктестік. Білім, мәдениет және ғылымға бағытталған түрлі бағдарламалар мен іс-шараларды ұсынатын ұйым.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін таңертемен спорт сүйер көпшілік қаламыздың мақтанышы “Дендросаябаққа” жиналды. Онда Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай жаппай жүгіру...

«Интер Майами» добился крупной победы и лидирует в МЛС. Нью-Ингленд Революшн — Интер 1:4 Через неделю «Интер Майами» ждет первое в нынешнем сезоне испытание повышенной...