ШЫМКЕНТТЕ ЕКІ ЖАҢА САЯБАҚ АШЫЛАДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ЕКІ ЖАҢА САЯБАҚ АШЫЛАДЫ
Бүгінде қала аумағын абаттандыру, көгалдандыру мәселелері өзекті болып отыр. Себебі, бұл бағыттағы жұмыстар халықтың қолайлы өмір сүруіне тікелей әсер етеді. Сондықтан, қаланың микроклиматын қалыптастыру маңызды міндеттердің біріне айналды.
Шымкент қаласының әкімдігі тарапынан нысандарды көгалдандыру, аумақтарды абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Демалыс күндері мегаполис басшысы Ғабит Сыздықбеков Желтоқсан көшесіндегі гүлзардың құрылысын тексерді. Қала әкімі абаттандыру жұмыстары мен қолданылатын материалдардың сапасына ерекше назар аударады. Қазір мұнда құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Мамыр айының соңына дейін пайдалануға берілетін жаңа демалыс аймағының ауданы шамамен төрт мың шаршы метрді құрайды. Құрылыс барысында жұмысшылар жаяу жүргіншілер жолдарын төсеп, жаңа қоршаулар орнатады. Сонымен қатар, орындықтар, шағын архитектуралық пішіндер, урналар мен жарықшам жүйелері қойылады. Соңғы кезеңде саябақ көгалдандырылатын болады.
Сонымен қатар, Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасы бойынша Еңбекші ауданында тағы бір саябақ салынады. Серуендеу аймағы Жібек жолы мен Сайрам көшелерінің қиылысында бой көтереді. Бүгінде мұнда заңсыз нысандарды бұзу және қоқыстарды шығару жұмыстары жүргізілуде.
Демалыс орындарының жоспарында тұрғындардың пікірі ескеріледі. Мысалы, өткен жылы Әл-Фараби ауданының тұрғындарымен кездесуде жергілікті азаматтар бұрынғы "Спутник" дүкенінің жанында сквер салу туралы мәселе көтерген болатын
Шымкент қаласының әкімі азаматтардың өтінішін ескере отырып, оны қалпына келтіру туралы шешім қабылдады. Скверді қайта құруға бюджет қаражаты жұмсалған жоқ. Жұмыстар демеушілік еткен жергілікті кәсіпкерлердің есебінен жасалды.
Ел игілігіне берілетін екі жаңа алаң да бюджеттен тыс қаражат есебінен қаржыландырылатын болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін таңертемен спорт сүйер көпшілік қаламыздың мақтанышы “Дендросаябаққа” жиналды. Онда Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай жаппай жүгіру...

«Интер Майами» добился крупной победы и лидирует в МЛС. Нью-Ингленд Революшн — Интер 1:4 Через неделю «Интер Майами» ждет первое в нынешнем сезоне испытание повышенной...