СПОРТШЫЛАР ЖАСТАРДЫ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАНУҒА ШАҚЫРДЫ

СПОРТШЫЛАР ЖАСТАРДЫ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАНУҒА ШАҚЫРДЫ
Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері Ш.Пірмәт атындағы Оңтүстік Қазақстан колледжінің жастарына есірткі затының зияндығын насихаттау мақсатында кездесу ұйымдастырды.
Кездесуге Шымкент қаласының Психикалық денсаулық сақтау орталығының нарколог дәрігері Әбдібекова Гүлнар, Қазақстан Республикасының 2 дүркін чемпионы мен Әлем кубогының (Москва қаласында өткен) күміс жүлдегері Бексұлтан Әлжанов қатысты.
Жиын барысында спикерлер нашақорлықтың адам өмірі мен денсаулығына кері әсері, есірткіге құмарлықты қалыптастыруға ықпал ететін факторлар туралы қажетті ақпараттар беріп, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Сондай-ақ, жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, әскери-патриоттық рух қалыптастыру мақсатында Индустриялды техникалық колледжінде «Әскерге бару – азаматтық парызың» тақырыбында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен кездесу өтті.
Кездесуге Шымкент қаласы Абай және Әл-Фараби аудандарының біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі басқармасының подполковнигі Ғани Абдукадиров және Шымкент қаласы Абай және Әл-Фараби аудандарының біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Райкуль Абдыкалыкова қатысып, жастармен пікірмен алмасты.
Жиында әскери тәртіпті сақтау, сарбаздардың өзара қарым-қатынасын жетілдіру бағытындағы жұмыстар, әскери қызметкерлерге арналған бағдарламалар жөнінде ақпарат беріліп, жастармен кері байланыс жүргізілді.
Сонымен қатар, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ, дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-і қызметкерлерінен құралған ақпараттық- насихаттық топ Мирас университетінің студент жастарымен кездесті.
Кездесуде жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісім сақтау, ұлт араздығы мен деструктивті діни ағымдардың алдын алу, жастар арасындағы тәрбие, ұлттық құндылықтарды сақтау, әскери борышты өтеу сынды мәселелер айтылды.
Әсіресе, кездесуде келген қонақтар жастардың дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану, дәстүрлі құндылықтарымызды дәріптеу, керағар ағымдар жайында және де шетелде діни білім алудың қауіпті екені жайында ой-пікірлерін ортаға салды.
Сонымен қатар, әлеуметтік желі арқылы кеңінен насихатталып жатқан кереғар ағымдардың ерекшеліктері мен теологиялық өзгешеліктерін айрықша атап өтті. Кездесу барысында жастар тарапынан тақырып аясында көптеген сұрақтар қойылып, теолог мамандары жан-жақты жауап берді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, осы бағытқа инвестиция тарту, терең өңдеу ісін ширатып, су үнемдеу технологияларын енгізу...