Шымкент: Жаңажылдық безендіруге бюджеттен 35 млн теңге жұмсалмақ

Шымкент: Жаңажылдық безендіруге бюджеттен 35 млн теңге жұмсалмақ

Шымкент қаласы әкімдігі Жаңа жыл мерекесіне орай дайындықты бастап кетті. Мемлекеттік сатып алулары ресурсында оңтүстіктегі шаһарды эстетикалық безендіруге 35 миллионнан астам теңге жұмсалатыны жазылған, деп хабарлады Azattyq Rýhy

Сайттағы ақпарат бойынша, лоттың тапсырыс берушісі – Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы.

Қызметтің атауына қатысты бағанда «Шымкент қаласын 2020 жылға арналған эстетикалық және мерекелік безендіру бойынша қызметтер» деп көрсетілген. Лоттың жалпы құны – 35 265 178 теңге.

Мемлекеттік сатып алу қосымша тапсырыс болғандықтан, оны 2020 жылдың соңына дейін жұмсау жоспарланып отыр. Лот бойынша байқау 14 желтоқсанда аяқталады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірқатар медициналық ұйымдарға барып, өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, БАҚ...

2025 жылғы 23 тамызда Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» ұранымен жалпықалалық сенбілік өтті. Экологиялық шараға 3 755 адам қатысып, 136 техника...

Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының 30 жылдығына орай «30 жылдық...

Шығыс Қазақстан облысында ауылдық елді мекендерде азаматтық қорғау жүйесін дамыту және өртке қарсы қауіпсіздікті нығайту бойынша жұмыстар жалғасуда.  Жыл соңына дейін...