Шымкентте жастарды қолдау мен жұмыспен қамту мақсатында түрлі іс-шаралар мен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Солардың бірі, Жастар ресурстық орталығы мен Еңбек мобильді орталығының қызметкерлерінің қатысуымен қолға алынған - «Жастардан-жастарға ақпараттық керуен» жобасы.
Іс-шараға Еңбекші ауданы бойынша Мансап орталығының мамандары Исмаилова Диана, Култаева Венера, Аширов Жандос пен Парасат колледжінің жастары қатысты.
Жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлік және жастарға қатысты бағдарламалар мен бос жұмыс орындары «Жастар практикасы», «Алғашқы бос жұмыс орны» жөнінде ақпарат беріліп, жадынамалық парақшалар таратылды.