ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ БОЙЫНША СТУДЕНТТЕРГЕ ЖИЫН ӨТТІ

ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ БОЙЫНША СТУДЕНТТЕРГЕ ЖИЫН ӨТТІ

Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығы қызметкерлері жастардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру және өскелең ұрпақтың құқықтық тәртіп мәдениетін қалыптастыру мақсатында, «Құқықтық сауаттылық – қоғам айнасы» тақырыбында кездесу өткізді.

Шараға Тұран ауданы әкімдігінің бас инспекторы Досанова Римма, Шымкент қалалық Әділет департаментінің атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі бөлімінің филиал басшысы, аға сот орындаушысы Мұхтаров Мейрам мен Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық экономикалық колледжінің жастары қатысты.

Кездесуде жастар арасында туындайтын құқықтық жауапкершiлiк жайлы ҚР Қылмыстық және Әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы кодекстерiнен толық мәлiмет берiлiп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, Жастар ресурстық орталығы жұмыс іздеуші жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлік және жастарға арналған бағдарламаларды жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында Әл-Фараби ауданына қарасты Сәуле шағын ауданында ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді.

Ақпараттық түсіндірме жұмыстарында мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары соның ішінде жастарға қатысты «Жастар практикасы», «Алғашқы бос жұмыс орны» мен жас кәсіпкерлерді қолдау бағытындағы бағдарламалар жөнінде ақпараттар берілді.

Еске сала кетейік, аталған бағдарламалар жөнінде Әл-Фараби ауданының мансап орталығы(А.Байтұрсынов №201) немесе Жастар ресурстық орталығының бас ғимаратынан кеңес алуға болады.

Сондай-ақ "САНАЛЫ ҰРПАҚ - ЕЛ БОЛАШАҒЫ" осындай тақырыпта Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақстан көпсалалы колледжінің жастарымен кездесу өтті.

Оған Ардагерлер жанынан құрылған “Аналар” кеңесі төрайымы Қыздығой Баешева, “Ана мұраты” аналар тобының жетекшісі Зульфия Бекмырзақызы, Қаратау ауданың Ардагерлер жанынан құралған “Аналар” кеңес мүшесі Байбөриева Танагүл мен “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің психологы Жібек Сайдахан қатысты.

Жастарды отбасылық некелі өмірге дайындау, дұрыс көзқарас қалыптастырып, бағыт-бағдар беру мақсатында өткен кездесу шарасында спикерлер қоғамдағы қыз баласының рөлі, отбасын құруға деген дайындығы мен “қыз” ұғымының терминін тарқата сөз етті.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін таңертемен спорт сүйер көпшілік қаламыздың мақтанышы “Дендросаябаққа” жиналды. Онда Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай жаппай жүгіру...

«Интер Майами» добился крупной победы и лидирует в МЛС. Нью-Ингленд Революшн — Интер 1:4 Через неделю «Интер Майами» ждет первое в нынешнем сезоне испытание повышенной...