Жастар ресурстық орталығы «Жастардан - жастарға» ақпараттық керуен жобасы аясында мемлекеттік бағдарламаларды жастар арасында насихаттау жұмыстарын жалғастыруда.
Кезекті түсіндірме жұмыстары Еңбек мобильділігі орталығы мамандарының қатысуымен Шымкент жоғарғы педагогикалық колледжінің бітіруші түлектері арасында өтті.
Түсіндірме жұмыстары барысында бітіруші түлектерге жұмысқа орналасу бойынша қажетті мемлекеттік бағдарламалар туралы, оның ішінде, “Жастар практикасы”, “Алғашқы жұмыс орны” мен өзгеде гранттар жөнінде ақпарат берілді.