ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ДӘРІПТЕЛДІ

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ДӘРІПТЕЛДІ
Отбасы құндылығын дәріптеу мен жастар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен кездесу өтті.
Индустриалды-техникалық колледжінде өткен кездесуге Шымкент қаласының «Ана үйі» қоғамдық қорының үйлестірушісі Қалдар Жұмабайқызы және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің инспекторы Әлім Арайлым қатысты.
Спикер отбасы құндылықтарына тоқталып, жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің қауіп-қатерімен бөлісті. Кездесуде шалыс басып, өткеніне өкінішпен қарайтын қыздардың ғұмырын алға тарта отырып, мысалдар келтірді. Сонымен қатар, «Ана үйі» қоғамдық қорының үйлестірушісі мекеменің жұмысымен таныстырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ауған тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу жұмыс сапарымен Ауғанстанға...

Түркістан облысының Сауран ауданында ірі мал бордақылау алаңдары шоғырланған агроиндустриялық кластер құруға бағытталған ауқымды инвестициялық жоба...