ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНАН БАТЫС ӨҢІРІНІҢ СУ БАСҚАН АЙМАҚТАРЫНА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНАН БАТЫС ӨҢІРІНІҢ СУ БАСҚАН АЙМАҚТАРЫНА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ
Еліміздің бірнеше өңіріндегі су тасқынына байланысты Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында 27 наурыздан бастап гуманитарлық көмек қабылдайтын штаб жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды ақпараттік агенттігі NO-COMMENT.KZ
Шымкент қалалық мәслихат депутаттары кәсіпкерлермен бірігіп, Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға гуманитарлық көмек жөнелтті. Керуен көлігінде көрпе-төсек, жылы киім, резеңке етік, рация мен құтқару жұмыстарына қажетті заттар, сонымен қатар азық-түлік, оның ішінде макарон өнімдері, май, шәй, дәнді-дақыл түрлері бар. Қаражат жинауды үшінші шаһардың депутаттары бір ауыздан мақұлдап, қол ұшын созуға ниет білдірді.
Батыс өңірін су алып жатқандығы баршамыздың қабырғамызды қайыстырып отыр. Еліміз үшін, халқымыз үшін қолдан келген көмекті аянып қалмаймыз. Әрине, мүлік үй бәрі қайта қалпына келтіріледі. Дегенмен, оған дейін де үйсіз-күйсіз қалған халыққа көмек керек. Сондықтан да «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп қолда барымызды бөлісейік. Бір-бірімен бөлісіп, біріне-бірі қамқор, тілеулес болған ұлттың ұлылығы да осында. Су тасқынынан зардап шеккен ағайындарға гуманитарлық көмек қолын созуды азаматтық парызымыз деп білемін. Қайырымды іске кәсіпкерлер, халық қалаулылары қолдау көрсетіп жатыр, - деді «AMANAT» партиясының төрағасы Б.Нарымбетов.
Сондай-ақ керуенмен бірге көмек қолын созуға ниетті шымкенттік «Жастар рухының» белсенділері су тасқыны орын алған аймаққа аттанды. Айта кетейік, ел басына күн туғанда көмек қолын созуға ниетті жандармен бірге алаяқтар да көбейіп кетеді. Сондықтан, қоғам белсенділері көмекті тек арнайы қорға ғана жолдаған дұрыс, - дейді қоғам белсенділері.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін таңертемен спорт сүйер көпшілік қаламыздың мақтанышы “Дендросаябаққа” жиналды. Онда Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай жаппай жүгіру...

«Интер Майами» добился крупной победы и лидирует в МЛС. Нью-Ингленд Революшн — Интер 1:4 Через неделю «Интер Майами» ждет первое в нынешнем сезоне испытание повышенной...