«ЖАСТАРДАН - ЖАСТАРҒА АҚПАРАТТЫҚ КЕРУЕН» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

«ЖАСТАРДАН - ЖАСТАРҒА АҚПАРАТТЫҚ КЕРУЕН» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

«Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасқа жұмыс беруіміз керек. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіле бермек. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал етеді», — деді Тоқаев.

Елiмiздiң болашағы жастардың еңбекқорлығына, талап-тiлегiне, арман-мұратына байланысты. Олар ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерiмiздi жаңғыртып, оны алға бастырып қана қоймай, экономикасын, ғылымын да дамытуға, жiгерлене ел үшiн еңбектенуге мiндеттi. Жастар – ілгері дамудың негізгі қозғаушы күші, еліміздің дүниежүзілік аренада бәсекеге қабілеттілігінің басты факторы, еліміздің салтын, дәстүрін келер болашаққа жеткізуші көпір.
Осы орайда, Шымкентте жастарды қолдау, жұмыспен қамту жолында түрлі іс-шаралар атқарылуда. Соның бірі, «Жастардан-жастарға ақпараттық керуен» жобасы.

Шымкентте жастарды қолдау мен жұмыспен қамту мақсатында кешенді іс-шаралар жоспары әзірленіп, жүзеге асу үстінде. Сондай шаралардың бірі - Жастар ресурстық орталығының бастамасымен жүргізіліп жатқан - «Жастардан-жастарға ақпараттық керуен» жобасы.
Кезекті жоба аясында қолға алынған ақпараттық түсіндірме жұмыстары Ж.Тәшенов атындағы университетің бітіруші түлектеріне арналды. Онда Әл-Фараби ауданы бойынша Мансап орталығының мамандары жастармен арнайы кездесіп, мемлекеттік бағдарламалар жөнінде түсіндірді.
Жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлік және жастарға қатысты бағдарламалар жөнінде ақпараттармен таныстыру мақсатында өткен түсіндірме жұмыстарында мамандар «Жастар практикасы», «Алғашқы бос жұмыс орны», кәсіптік оқыту, шағын несие мен жұмыспен қамту бағдарламалары жөнінде ақпарат беріп, жадынамалық парақшалар таратты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін таңертемен спорт сүйер көпшілік қаламыздың мақтанышы “Дендросаябаққа” жиналды. Онда Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай жаппай жүгіру...

«Интер Майами» добился крупной победы и лидирует в МЛС. Нью-Ингленд Революшн — Интер 1:4 Через неделю «Интер Майами» ждет первое в нынешнем сезоне испытание повышенной...