ШЫМКЕНТ: БІР ЖЫЛДА 426 АДАМҒА ГРАНТ БЕРУ ЖОСПАРЛАНҒАН

ШЫМКЕНТ: БІР ЖЫЛДА 426 АДАМҒА ГРАНТ БЕРУ ЖОСПАРЛАНҒАН
Шымкентте жұмыссыздықты барынша төмендету жолында "Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы" аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқыту шаралары жүзеге асырылып жатыр. Бұндағы мақсат тек жұмыссыздарды азайтып қана қоймай, отандық өндірісті қолдауға да мүмкіндік беру. Кәсіптік оқыту курстарына 18 жастан зейнет жасына дейінгі Шымкент қаласының жұмыссыз азаматтары қатыса алады.
Жалпы, 2024 жылы 56,9 мың адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. Жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша 12,2 мың адам қатысып, жоспар 22%-ға орындалған. Бұл Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Халықты жұмыспен қамту шараларына тарту және өтеусіз гранттар беру тәртібі туралы» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысы Жанат Өтебаеваның баяндамасында айтты.
Баяндамада белгілі болғанындай 2023 жылдан бастап жастарға жеңілдетілген көлемде 2,5% шағын несие берілуде. Биыл 273 адамға 1365,0 млн теңге бөлініп отыр. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Шымкент қаласы әкімдігінің арасында келісімшарт та түзіліп жатыр.
Субсидияланатын жұмыс орындарына 7 453 адамды қамту жоспарланып, жыл басынан бері нақты 4 288 адам жолданған.
-Жұмыссыздық деңгейін төмендетудің бірден-бір жолы – азаматтарды кәсіпкерлікпен айналысуға бағыттау, яғни жаңа бизнес идеяларды іске асыру. Осы бағытта қайтарымсыз гранттар берілетіні белгілі -деді, Жанат Өтебаева.
Айта кету керек, биыл грант екі лекте: сәуір және маусым айларында беріледі. Бір жылда грант 426 адамға беру жоспарланған. Бірінші лек үшін өтінімдер 8 – 18 сәуір аралығында қабылданады.
Ал грант алушының қаражатты мақсатына пайдалануы бойынша еңбек мобильділігі орталығы тарапынан мониторинг жұмыстары жүргізіліп отырады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министр Казахстана Олжас Бектенов провел оперативное совещание по паводковой ситуации на западе страны, где продолжительное время ведется...