ШЫМКЕНТ: ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ВОЛОНТЕР ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ШЫМКЕНТ: ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ВОЛОНТЕР ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек волонтерлік ұйымның көшбасшылары мен жас волонтерлермен кездесті.
Бүгінде әртүрлі бағыттар бойынша жүйелі жұмыстар атқарып жүрген 30-ға жуық ерікті жас қала әкімінің орынбасарына сан алуан сауалдарын жолдап, көкейлеріндегі ұсыныстарын жеткізді.
Атап айтқанда, шаһарда медициналық волонтерлықты дамыту, волонтер жастарды оқу семинарларынан өткізу, ай сайын волонтерлердің басын қосып, тұрақты кездесулер ұйымдастырылып отырса деген ой-пікірлерін ортаға салды.
Өз кезегінде қала әкімінің орынбасары белсенді жастардың ұсыныстары қаперге алынатынын жеткізіп, жастарға алғысын білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкімет елдің туристік аймақтарын тиісті жағдайға келтіру жөнінде...