САНАЛЫ ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІН ЖЕТІЛДІРУ МАҚСАТЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

САНАЛЫ ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІН ЖЕТІЛДІРУ МАҚСАТЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ
Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Қыздар кеңесі» мектебі жобасы аясында «Қызды қырық үйден тыйым» тақырыбында Шымкент медициналық колледжінің жастарымен кездесу өтті.
Шараға Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы «Аналар» кеңесінің төрайымы Барлыбаева Тұрсынай, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы «Аналар» кеңесінің мүшелері Оразбек Дариға, Абуова Карима, Шымкент медициналық колледжінің психологы Бозжигитова Индира мен Жастар ресурстық орталығының «Психологиялық көмек және күйзелістің алдын алу және жас отбасылармен жұмыс» бөлімінің психолог маманы Әбдразақ Әсел қатысты.
Кездесу барысында жастарға ерте жүктілік пен зорлық-зомбылық туралы баяндама оқылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, отбасылық құндылықтары мен өзін-өзі жеке тұлғалыққа бағыттайтын түрлі кеңестер айтылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек АҚШ-та жоғары білім мен ғылым саласындағы стратегиялық әріптестікті дамытуға бағытталған бірқатар...

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Қауіпсіздік Кеңесі отырысында берген тапсырмаларын орындау бойынша Көлік, Қаржы министрліктері...