ЖАСТАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ТҮСІНДІРІЛДІ

ЖАСТАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ТҮСІНДІРІЛДІ
Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Жастардан-жастарға ақпараттық керуен" жобасы аясында жастарға мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Ақпараттық түсіндірме жұмыстарына Еңбекші ауданы бойынша Мансап орталығының маманы Джанабаева Зауре Абдихазиевна және Оңтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжінің жастары қатысты.
Түсіндірме жұмыстары барысында жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту, «Жастар практикасы», «Алғашқы бос жұмыс орны» жөнінде толыққанды ақпараттар беріліп, жадынамалық парақшалар таратылды.
Сондай-ақ, Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Қыздар кеңесі» мектебі жобасы аясында «Қызды қырық үйден тыйым» тақырыбында Шымкент медициналық колледжінің жастарымен кездесу өтті.
Шараға Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы «Аналар» кеңесінің төрайымы Барлыбаева Тұрсынай, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы «Аналар» кеңесінің мүшелері Оразбек Дариға, Абуова Карима, Шымкент медициналық колледжінің психологы Бозжигитова Индира мен Жастар ресурстық орталығының «Психологиялық көмек және күйзелістің алдын алу және жас отбасылармен жұмыс» бөлімінің психолог маманы Әбдразақ Әсел қатысты.
Кездесу барысында жастарға ерте жүктілік пен зорлық-зомбылық туралы баяндама оқылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, отбасылық құндылықтары мен өзін-өзі жеке тұлғалыққа бағыттайтын түрлі кеңестер айтылды.
Сонымен қатар, Жастар ресурстық орталығы жас кәсіпкер, «JAKE TAU» турының негізін қалаушы, туризм саласында ерекше орны бар Қабылбай Жақсыбек және жергілікті танымал блогерлермен кездесу ұйымдастырды.
Жастарды кәсіпкерлікке баулу, кәсіп бастауға деген ынталарын арттыру мақсатында өткен шараға Орталық Азия Инновациялық университетінің жастары қатысты.
-Кәсіп бастамас бұрын адам бірінші орынға ақшаны емес, халықтың көңілінен шығатындай дүниені ойға алу қажет. Өзгенің рақметіне бөленіп, алғысын алған сәтте кәсіп ашу жолында кезіккен қиыншылықтың бәрі жоғалады. Сол үшін де ешнәрседен қорықпай, батыл қадам жасау керек, - деді жас кәсіпкер.
Кездесу барысында жастар спикермен түрлі пікірлер алмасып, жетістікке жету жолдарында өздері қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, осы бағытқа инвестиция тарту, терең өңдеу ісін ширатып, су үнемдеу технологияларын енгізу...