ҚАЗЫЛҒАН КӨШЕЛЕРДІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ШЫМКЕНТТІҢ ӘКІМІНІҢ БАҚЫЛАУЫНДА

ҚАЗЫЛҒАН КӨШЕЛЕРДІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ШЫМКЕНТТІҢ ӘКІМІНІҢ БАҚЫЛАУЫНДА
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен аппараттық мәжілісте қазылған орындарды ретке келтіру жұмыстары талқыланды. Жиында Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Р.Мендикулов қала аумағындағы жер қазба жұмыстарын баяндады. Зерделеу жұмыстары қорытындысымен Абай ауданында - 40, Қаратау ауданында - 53, Тұран ауданында - 8, Еңбекші ауданында - 38 қазылған жер анықталды.
Қала әкімі сала басшыларына қазылған аумақтарды қалпына келтірмей, тұрғындарға қолайсыздық туғызған мердігерлерге қатаң шара көруді ескертті. Сонымен қатар аудан әкімдері мен тиісті басқарма басшыларының жұмыстарын бағалау қала тазалығымен байланысты екенін жеткізді.
Сонымен қатар, Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы М. Мықтыбеков саланы дамытуда атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Сондай-ақ, мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына қаржыландыру жүйесін заң талаптарына сәйкес атқару бойынша нақты тапсырмалар берді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, осы бағытқа инвестиция тарту, терең өңдеу ісін ширатып, су үнемдеу технологияларын енгізу...