ШЫМКЕНТТЕН БАТЫСҚА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ЕКІНШІ ЛЕГІ ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ШЫМКЕНТТЕН БАТЫСҚА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ЕКІНШІ ЛЕГІ ЖОЛҒА ШЫҚТЫ
Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек беру жөніндегі өңірлік штаб жұмысын белсенді жалғастыруда. Қазіргі таңда қалада ҚХА белсенділері ашқан бекеттерде құны – 18,5 млн. теңгеден асатын 40 тоннаға жуық зат жиналған.
Бүгін ассамблея мүшелері гуманитарлық көмектің екінші легін Батыс Қазақстан облысына жіберілді.
– Біз «Жүректен жүрекке» жобасына атсалысқан өңірлік «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен «АлемТрансЖол» компаниясына, «Яворский & партнеры» адвокаттық конторасына және игі бастамаға үлес қосқан барша тұрғындарға алғыс білдіреміз. Осындай қиын-қыстау кезеңде «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып», көмек қолын созуға бар ынтамызды салып жатырмыз. Көмек жинау жалғасын тауып жатыр, бекеттер күні-түні жұмыс істеп тұр, – дейді Өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Тахирбек Нишанбаев.
Бүгінде бекеттерде жиналып тұрған 20 тоннаға жуық көмекті жақын арада үшінші лекпен тасқыннан зардап шеккен өңірлердің біріне жіберу көзделіп отыр.
Айта кетейік, осыған дейін Шымкент қалалық ҚХА-ның үйлестіруімен 60 тоннадан астам (құны 40 млн. теңгеден астам) гуманитарлық көмек су тасқынынан зардап шеккен Атырау және Батыс Қазақстан облысына үш лекпен жөнелтілген болатын.
Өз кезегінде ассамблея белсенділері игі іске асталысып, сын сағатта қол созған шымкенттік компаниялар мен қарапайым тұрғындарға алғыс білдіреді.

Бүгінгі таңда гуманитарлық көмекті қабылдаудың 2 орталығы жұмыс істеуде:
Біріншісі, ҚХА Достық үйі базасында, Желтоқсан 9/4;
Екіншісі, «Арай» ЖШС аумағында, Тассай ықшам ауданы, 226, 353 квартал.
Шымкент қаласының әрбір қамқор тұрғыны азық-түлік, бірінші қажеттілік, киім-кешек және т.б. заттарды алып келіп, өткізе алады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін таңертемен спорт сүйер көпшілік қаламыздың мақтанышы “Дендросаябаққа” жиналды. Онда Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай жаппай жүгіру...

«Интер Майами» добился крупной победы и лидирует в МЛС. Нью-Ингленд Революшн — Интер 1:4 Через неделю «Интер Майами» ждет первое в нынешнем сезоне испытание повышенной...