Психологиялық кеңесте бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін, ой-қиялын арттыру, жаңа қоғамдағы адамгершілік, патриотизм сезімдерін дамыту және бағытында жеке-жеке сұхбат жүргізілді. Сонымен қатар, көптеген психологиялық жаттығулар жасалып, кері байланыс орнатылды.
Еліміздегі Қылмыстық атқару жүйесіне пробация қызметінің енгізілгеніне көп бола қойған жоқ. Әйтсе де, бұл төңіректе ауқымды іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Пробация қызметі деген не? оның мақсаты мен міндеті қандай ? – деген сұрақтар көптіңі көкейінде жүрері анық.
«Пробация» латын тілінен аударғанда «сынау» деген мағынаны білдіреді. Негізгі қызметі бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған әрбір сотталған адамға қоғамда өз орнын табуға көмектесу болып табылады. Бостандығынан айырмай жазаға кесілген немесе мерзімінен бұрын бас бостандығынан шектеу жазасына ауыстырылған сотталғандарды бақылап қана қоймай, оларды еркін өмірге бейімделуге, жұмысқа орналасуына, білім алуына көмектесу – пробация қызметкерлерінің басты міндеті. Адамның қылмыс жасағанына қарамастан олардың түзеу мекемесіне отырмауына мүмкіндік беру. Ол үшін қылмысқа барған адам сот міндеттеген шарттарын барлығын орындауы керек. Ал, байқаусызда сүрінген жандар қайта тәрбиеленуіне мүмкіндік беріліп, әлеуметтік мәселелері болса шешуге ықпал жасалынады.