Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына 2024 жылға жалпы 7 нысаналы индикатор белгіленген, деп хабарлайды интернет-ақпараттық ресурсы "NO-COMMENT.KZ".
Инвестиция (латынша іnvestіre – киіндіру) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен материалдық емес сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат.
Өңірлік 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарында 7 нысаналы индикатордың 2024 жылғы 3 айдың қорытындысымен орындалуы келесідей.
1. Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 2024 ж. 3 айында 206,2 млрд теңгені құрады. (Жылдық жоспар – 825 млрд. тг.).
2. Мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру көлемінің жоспары 80 мың тонна болса, а.ж. 3 айында нақты 13,2 мың тоннаны құрады.
3. Негізгі капиталға инвестицияларының көлемі 2019 жылдың сәйкес деңгейіне қарағанда 6,9 есеге өсті. (Жылдық жоспар - 169%).
4. «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды шағару бойынша жаңа өндірістер саны» индикатор бойынша 2024 жылы 1 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.
5. Экономикадағы орта кәсіпкерліктің үлесі 2023 жылғы 9 айдың қорытындысымен 9,2 пайызды құрады. (Жылдық жоспар – 10,5%).
Индикатордың статистикалық деректері тоқсан сайын жарияланады және бір тоқсан кешігіп жүреді. 2023 жылдың қорытындысы бойынша көрсеткіш 2024 жылдың 15 сәуірінде жарияланады.
6. Қаржылық қолдау шараларын алған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2024 жылдың 1 тоқсанында 150 бірлікті құрады. (Жылдық жоспар – 257 бірлік).
7. Цифрлық технологияларды пайдаланатын өңдеуші өнеркәсіптегі ірі және орта кәсіпорындардың үлесі бойынша жылдық жоспар 13,3 пайыз болып белгіленген. Бұл көрсеткіштің статистикалық деректері кешігіп жария етіледі (Стат.деректер жылына 1 рет, яғни, 2024 жылдың деректері 2025 жылдың мамыр айында жарияланады).