Шымкент қаласының өнеркәсіп саласында белсенді жұмыс істеп тұрған 885 өнеркәсіптік кәсіпорын шоғырланған, оның ішінде 20 – ірі, 49 – орта және 816 – шағын өндірістер.
2024 жылғы қаңтар-наурыз айларында өнеркәсіптік кәсіпорындарымен өндірілген өнімнің көлемі 250,6 млрд. теңгені (2023 ж. 3 айы – 234,2 млрд. тг.) құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіптік өндіріс индексі (ӨӨИ - 102,7%) 4,5%-ға артты.
Өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсімі өңдеу өнеркәсібінің 3,9%-ға, кен өндіру өнеркәсібінің 92,8%-ға, электр мен газбен жабдықтау 11%-ға және сумен жабдықтау салаларының 6,3%-ға артуы есебінен қалыптасты.
2023 жылы қалыптасқан өсу тенденциясын есепке ала, 2024 жылы өнеркәсіпте өндірілетін өнім көлемі 1 107,5 млрд теңгеге жетеді деп болжануда.