ШЫМКЕНТТЕ 330,9 МЛРД. ТЕҢГЕ СОМАСЫНА 344 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

ШЫМКЕНТТЕ 330,9 МЛРД. ТЕҢГЕ СОМАСЫНА 344 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

Қала аумағында жалпы аумағы 869 га құрайтын 5 өнеркәсіптік аймақ жұмыс істейді. Бүгінгі таңда 330,9 млрд. теңге сомасына 344 жоба іске асырылуда. Оның ішінде, бүгінгі таңға 229,0 млрд теңгені құрайтын 285 жоба 8,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орнымен іске асырылды.

«ОҢТҮСТІК» индустриялық аймағында 101,4 млрд теңгеге 3 мың жаңа жұмыс орындарымен 96 жоба іске асырылуда.
Оның ішінде, 78 жоба іске қосылып, онда 2,7 мың жұмыс орындары ашылды және оған 96,7 млрд теңгенің инвестициясы тартылды.
2024 жылы 38 жаңа жұмыс орындарын құрумен 547 млрд теңгеге 2 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген.
Оның ішінде, 8 жаңа жұмыс орындарын құрумен 347 млн теңгеге 1 инвестициялық жоба іске асырылды.

Анықтама үшін:
1. «Easy Pack» ЖШС – полиэтилен өнімдерін өндіру инвестициялық құны – 347 млн теңге, 8 жұмыс орындарын құрумен;
2. «Бумпром» ЖШС – ПКС маркалы картон өндірісі, инвестициялық құны – 200 млн теңге, 30 жұмыс орындарын құрумен.

«ТАССАЙ» индустриялық аймағында 50,7 млрд теңгеге 2,6 мың жаңа жұмыс орнымен 43 жоба іске асырылуда.
Оның ішінде, жалпы құны 43,4 млрд теңгеге 30 жоба іске қосылып, онда 2 мыңнан астам жұмыс орындары ашылды.
2024 жылы 10 жаңа жұмыс орындарын құрумен 100 млн теңгеге 1 инвестициялық жоба іске асырылды.

Анықтама үшін:
1. «Shymkent-Reklama» ЖШС – жарнамалық құрылымдар өндіру және қызмет көрсету, инвестициялық құны – 100 млн теңге, 10 жұмыс орындарын құрумен.

САУДА-ЛОГИСТИКАЛЫҚ орталығында 43,5 млрд теңгеге 660 жұмыс орнын құрумен 8 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінде 25,2 млрд теңгеге 287 жұмыс орнын құрумен 4 жоба жүзеге асырылған.
2024 жылы 207 жаңа жұмыс орындарын құрумен 37,2 млрд теңгеге 2 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.

Анықтама үшін:
1. «СП Кока-Кола Алматы Боттлерс» ЖШС – алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт, инвестициялық құны – 27 млрд теңге, 100 жұмыс орындарын құрумен;
2. «НМИ ЮГ» ЖШС – көпфункционалды қойма кешені, инвестициялық құны – 10,2 млрд теңге, 107 жұмыс орындарын құрумен.

«ОҢТҮСТІК» арнайы экономикалық аймағының инвестициялық қоржыны жалпы құны 130,5 млрд теңге болатын 62 жобадан тұрады, олар 3,7 мың жұмыс орнын құруды көздейді.
Аталған аймақта жалпы инвестиция көлемі 58,9 млрд теңге тұратын 38 жоба іске асырылып, 2,6 мыңнан астам жұмыс орындары құрылды.
2024 жылы 564 жаңа жұмыс орындарын құрумен 14,8 млрд теңгеге 5 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.

Анықтама үшін:
1. «HYDROGEN ENERGY» ЖШС – сутегі тотығын өндіру, инвестициялық құны – 4,0 млрд теңге, 25 жұмыс орындарын құрумен;
2. «Balabi textile» ЖШС – шұлық бұйымдары өндірісін кеңейту, инвестициялық құны – 6,5 млрд теңге, 260 жұмыс орындарын құрумен;
3. «Marvik Partners» ЖШС – тоқыма емес материалдар өндірісі, инвестициялық құны – 3,2 млрд теңге, 200 жұмыс орындарын құрумен;
4. «Cleans Fabric» ЖШС – ылғалды майлықтар өндіру, инвестициялық құны – 837 млн теңге, 20 жұмыс орындарын құрумен;
5. «Nappa.kz» ЖШС – аяқ киім өндірісі, инвестициялық құны – 400 млн теңге, 59 жұмыс орындарын құрумен.

Сондай-ақ, жұмыс істеп тұрған индустриялық аймақтардың жобалардың жылдам толуына байланысты аумағы 2 098 га құрайтын қосымша 7 жаңа өндірістік алаңдарды құру жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, аталған өндірістік алаңдарда инвестиция көлемі 983 млрд теңгені құрайтын 360 жоба 18 мың жаңа жұмыс орнымен іске асырылатын болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ