ШЫМКЕНТТЕГІ ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ ЗОР

ШЫМКЕНТТЕГІ ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ ЗОР

Шымкент қаласында орналасқан «ЖҰЛДЫЗ» индустриялық аймағы жалпы аумағы 306 га. Бүгінгі таңда «Жұлдыз» индустриялық аймағының инженерлік-инфрақұрылым жүелерінің құрылыс жұмыстары 80% аяқталды. Инженерлік инфрақұрылым жүргізудің жалпы құны 13,7 млрд теңгені құрайды. Тапсырыс беруші – Шымкент қалалық Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы.

Аймақта инвестициялық құны 126,7 млрд теңге құрайтын, 3 230 жаңа жұмыс орындарымен қамтитын 35 жоба іске асырылуда. Оның ішінде, жалпы құны 57,2 млрд теңгені құрайтын 16 жобаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жалпы аумағы 306 га құрайды.
Ағымдағы жылы 7 жобаны жүзеге асыру арқылы 46 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған.
Анықтама үшін:
1. «Wan Sheng Ceramic» ЖШС Керамикалық тақталар өндірісі – 25,5 млрд теңге;
2. «Sauran Bricks» ЖШС Автоклавты газбетон өндірісі – 5 млрд теңге;
3. «First Concrete Company» ЖШС Темір-бетон бұйымдары өндірісі – 4,7 млрд теңге;
4. «КазТермоПласт» ЖШС Полимерден құбыр, фитинг, шланг өндірісі – 2 млрд теңге;
5. «ДСК 17» ЖШС Үй құрылысы комбинаты – 7 млрд теңге;
6. «Оңтүстік Ғимарат» ЖШС Асфальтбетон өндірісі – 1 млрд теңге
7. «Евро Знак» ЖШС Көпір және жол конструкцияларында темір-бетон өндірісі – 300 млн теңге.

Атап айтқанда:
1. Ауыз су (100%), кәріз (90%), электр (70%), табиғи газ (95%) желілері – 7,4 млрд теңге. Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары (мердігер мекеме «Мелиоратор» ЖШС) 90%-ға орындалды. Құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың мамыр айында аяқтау жоспарланған.
2. Автомобиль жолы – 2,8 млрд теңге. Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары (мердігер мекеме «IMPYLS» ЖШС) 75%-ға орындалды. Құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың мамыр айында аяқтау жоспарланған.
3. Кірме, қоршау, әкімшілік ғимараты – 817,8 млн теңге. Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары (мердігер мекеме «СК Шах» ЖШС) 20%-ға орындалды. Құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың тамыз айында аяқтау жоспарланған.
4. Темір жол тұйығының болжамды құны 2,7 млрд теңге. Бүгінгі таңда техникалық экономикалық негіздеме әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Сондай-ақ, жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың қарауына жолданады. Нәтижесі ағымдағы жылдың мамыр айында шығатын болады.
Сондай-ақ, Өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімімен қатысушылар тарапынан игерілмеген 51,7 га аумақ қайтарылды. Босаған жер учаскелерінің орнына импорталмастырушы, экспортқа бағытталған ірі жобалар орналастырылатын болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, осы бағытқа инвестиция тарту, терең өңдеу ісін ширатып, су үнемдеу технологияларын енгізу...