ШЫМКЕНТ: «ЭНЕРГООРТАЛЫҚ-3» АҚ-НЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ШЫМКЕНТ: «ЭНЕРГООРТАЛЫҚ-3» АҚ-НЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңес мүшелері, энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының өкілдері «Энергоорталық-3» АҚ-ның жұмысымен танысып, жұмысшылардың талап-тілектерін тыңдап қайтты.
«Энергоорталық-3» АҚ - Шымкенттегі жылу өндіретін ең ірі кәсіпорын. Мұнда жылу мен электр қуаты өндіріледі. Жылу беру маусымының аяқталуына байланысты «Энергоорталық-3» АҚ да жылу маусымын тоқтатқан. Қазір мамандар жылу шығаратын қазандықтар мен турбогенераторлардың сапасын жақсарту және оларды жаңарту мақсатында кезең-кезеңімен жөндеуге кірісіп кетті.
«Энергоорталық-3» мамандарының айтуынша, орталықта білікті кадрлар жоқ. Жалақының төмендігіне байланысты 10-15 жылдық тәжірбиесі бар мамандар Атырау, Құмкөл сынды жалақы көп төлейтін аймақтарға жұмысқа ауысып кеткен. Сондықтан жас кадрларды жұмысқа тарту үшін жоғары оқу орнының студенттерін осы ғимаратты практикадан өткізіп, жұмысқа алу мәселесі өткір тұр. Бұл салаға қажетті мамандар Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, политехникалық колледж, Алматы энергоинститутында даярланады.
«AMANAT» партиясының өкілдері бұл мәселені бақылауына алып, жауапты мамандарға хат жолдайтындықтарын атап өтті.
«ҚуатЖылуОрталығының» «Энергоорталық-3» АҚ-ға 2 млрд 600 млн теңге көлемінде берешегі бар. Осы мәселе бойынша энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына тапсырма берілді.
Орталық өткен жылыту маусымын технологиялық бұзушылықтарсыз өткізген. Қазіргі таңда мұнда күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Турбогенератордың бірі жаңғыртылып, үш бірдей жылу қазандығы кезеңімен жөнделуде. ЖЭО жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті материалдармен қамтамасыз етілген.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ