БӨЛШЕК САЛЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕСІН ТҮСІРУ

БӨЛШЕК САЛЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕСІН ТҮСІРУ

ҚР Салық кодексінің 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес жергілікті өкілді органдар бөлшек салықтың арнаулы салық режимінде мөлшерлемені 50 пайызға дейін төмендету мүмкіндігі қарастырылған.
Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін мынадай шарттарға сәйкес келетін салық төлеушілер қолдана алады:
1) салықтық кезең ішіндегі жұмыскерлердің орташа саны
200 адамнан аспайды;
2) күнтізбелік жылдағы кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 600 000 айлық есептік көрсеткіштен аспайды;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қызмет түрлеріне жататын кәсіпкерлер.
Үкіметтің арнайы қаулысымен 2024 жылы бекітілген бөлшек салықтың арнаулы салық режиміне өтетін 364 қызмет түрі Шымкент қаласында толығымен қамтылған. Жалпы, Шымкент қаласында іс-әрекеттегі ШОБ субъектілерінің саны 130 мың бірлікті құрайды. Оның ішінде ЭҚЖЖ (ОКЭД) сәйкес келетін 90 мың жеке кәсіпкер тіркелген.
Бөлшек салық мөлшерлемесін 4%-дан 2%-ға дейін төмендету бойынша егжей-тегжейлі зерделеп, тиімділігіне талдау жұмыстары жүргізілді.
Бөлшек салық мөлшерлемесін төмендету – кәсіпкерлерді дамытуға, кеңейтуге, қаржы айналамын ұлғайтуға, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Яғни, көлеңкелі бизнестен шығуға септігін тигізеді. Сонымен қатар кәсіпкерлер кірістері бойынша 600 мың АЕК-ке (2,2 млрд. тг) дейін қосылған құн салғынан босатылады. Бөлшек салықтың арнаулы салық режимі мөлшерлемесін 4%-дан 2%-ға төмендеткен жағдайда, жеке табыс салығы бойынша салық мөлшерлемесі 1,5%-дан 2%-ға өсуіне байланысты салық түсімі көлемінің ұлғаю ықтималдылығы жоғары.
Бүгінгі таңда, «Шымкент қаласындағы бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» 2024 жылғы 19 наурыздағы №14/120-VIII мәслихат шешіміне сәйкес бөлшек салық мөлшері 4%-дан 2%-ға төмендетілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ