«ЕҢ ҮЗДІК РӘМІЗДІК ТОП» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

«ЕҢ ҮЗДІК РӘМІЗДІК ТОП» БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Қалалық Білім басқармасына қарасты Оқушылар сарайында Шымкент қаласының Еңбекші және Қаратау ауданы мектептері арасында Қазақстан Республикасы және Республикалық «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы нышандары мен рәміздерін құрметтеуге баулу мақсатында «Ең үздік рәміздік топ» байқауы өтті.
Әр рәміздік топтың өнерін бағалауға төмендегідей талаптар қойылды:
• Қатысушылар киімі (галстук, бас киім, ассистент лентасы, қолғап);
• Сапта патриоттық әнді орындауы;
• Дабыл үнімен бір мезгілде жүруді бастау және аяқтау;
• «Квадрат», «Пирамида» саптық фигураларды орындау;
• Дабылшылардың белгіленген «Спящий», «Вероника», «Бегали», «Босоножки» - 4 маршты орындауы;
• Топ басшысы мен топ мүшесінің Калашников автоматын берілген уақытқа шашуы және жинауы.
Тартысты байқау қорытындысында №54,63 жоббм рәміздік топтары белсене қатысқаны үшін, №31 жоббм – жүлделі ІІІ орын, №87 жоббм – ІІ орын, №68 жоббм – І орын, ал №99 мектеп-гимназияның рәміздік тобы Бас жүлде иеленді.
Топтың Калашников автоматын берілген уақытқа шашуы және жинауы жеке бағаланып, ІІІ орын - №68 жоббм оқушысы С.Тортбаев, №87 жоббм оқушысы Н.Қаршыға, ІІ орын - №31 жоббм оқушысы А.Тағаев, №54 жоббм оқушысы Ж.Аллақұл, І орын - №68 жоббм оқушысы К.Пердебек, №87 жоббм оқушысы Е.Әбдікамал, Бас жүлдені №63 жоббм оқушысы Ж.Шайхасым және №99 мектеп гимназия оқушысы И.Айдарбек иеленді.
Қала мектептері арасында өтетін рәміздік топтар байқауына қатысу арқылы әр топ өз мүмкіндіктерін және ұйымдастырушылық деңгейін көрсете алады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ