ҚҰРЫЛТАЙДЫ ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ЖИЫН ӨТТІ!

ҚҰРЫЛТАЙДЫ ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ЖИЫН ӨТТІ!

Шымкент қаласы Мәдениет Басқармасының қолдауымен және қала кітапханаларының ұйымдастыруымен Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Адал адам-Адал еңбек-Адал табыс” атты Ұлттық Құрылтайды қолдау аясында “Салиқалы ұрпақ - Ұлт болашағы” тақырыбында зиялы қауым өкілдерінің басқосуы өтті.
Шараның мақсаты 2024 жылғы 15 наурызда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының төрағалығымен Атырау қаласында өткен Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысындағы өзекті мәселелерді зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылармен талқылау.
Келелі басқосуды Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Нартбаев Шымырбай Жақсыбайұлы жүргізді.
Жиынға жазушы Момбек Әбдіәкімұлы, Шымкент қалалық Кәсіподақ Ұйымының төрағасы Әлтеев Бауыржан, Ұлттық Құрылтай мүшесі Байтуов Біржан, ардагер ұстаз Клара Лаханқызы, ақын Сатыбалды Қосалыұлы және Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Мөлдір Убайдуллақызы қатысып, Ұлттық Құрылтайдың 3 отырысында айтылған баяндамаларды кеңінен қарап,тұшымды ойлар ортаға салынды, жан-жақты пікірлер айтылды,

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ