ШЫМКЕНТТЕ ЖАУЫННЫҢ САЛДАРЫ ЖОЙЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ЖАУЫННЫҢ САЛДАРЫ ЖОЙЫЛДЫ

Шымкентте 16 сәуір күні толассыз жауған жаңбыр салдарынан Сайрам көшесіндегі кейбір ғимараттарды су басты. Бірақ жағдай тез арада қалыпқа келтірілді. Қаладағы барлық ауданға қарасты коммуналдық мекемелер су тасқынының алдын алу және нөсер жаңбырдан болатын қауіпті азайту мақсатында күшейтілген режимде жұмыс істеді.
Қазіргі таңда қаланың барлық аудандарында коммуналдық қызметке жауапты компаниялар мотопомпалар мен электр сорғыларын пайдалана отырып, қаланың су бұру жүйелерін, құдықтар мен таза су қабылдайтын арық желілерін қадағалап отыр.
Ал, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы жаңбыр суының деңгейі үнемі бақылауда дейді. Сондай-ақ мамандар қала тұрғындары мен қонақтарына судың кедергісіз өтуі үшін арықтарды, кәріз желілерін және каналдарды таза ұстап, қоқыс тастамауды сұрайды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек АҚШ-та жоғары білім мен ғылым саласындағы стратегиялық әріптестікті дамытуға бағытталған бірқатар...

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Қауіпсіздік Кеңесі отырысында берген тапсырмаларын орындау бойынша Көлік, Қаржы министрліктері...