ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ШЫМКЕНТТЕ КӨШЕЛЕР ЖӨНДЕЛІП, ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ШЫМКЕНТТЕ КӨШЕЛЕР ЖӨНДЕЛІП, ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қала көшелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар аялдамалар тазаланып, жол белгілері жаңартылып жатыр.
Гүлдала, Исрайлов, Сыздықов көшелерінде шұңқырлар жамалып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ал Темірлан тас жолы бойындағы су ағарлар тазартылып, темір қоршаулар қалпына келтіріледі. Бәйдібек би - Төлеметов көшелерінің қиылысына қосымша жолақ қосылып, Бәйдібек би Зообақ тұсындағы аяқжолдар ретке келтірілуде.
Сонымен қатар Сәтпаев, Жастар, Жеңіс көшелері асфальттеліп, Орынбай ақын, Қалдаяқов көшелері бойына жасанды жол кедергілері орнатылды. Ал жөндеуді қажет ететін жол белгілері мен бағдаршамдарға күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек АҚШ-та жоғары білім мен ғылым саласындағы стратегиялық әріптестікті дамытуға бағытталған бірқатар...

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Қауіпсіздік Кеңесі отырысында берген тапсырмаларын орындау бойынша Көлік, Қаржы министрліктері...