НАШАҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМНЫҢ ҚАУІПТІ ДЕРТІ

НАШАҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМНЫҢ ҚАУІПТІ ДЕРТІ
 «Нашақорлық – балалар арасында тез таралып, жастарымыз уланып жатыр. Есірткімен күрес белсенді жүргізілмесе, ертең бәрі кеш болуы мүмкін», - деді Президент өз сөзінде.
Осы орайда, Жастар арасында есірткіге тәуелділіктің зияндығын насихаттау мақсатында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің студенттері арасында кездесу өтті.
Кездесуге Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Кеңес Сержан, Шымкент қаласы Психикалық денсаулық сақтау орталығының нарколог дәрігері Жайлаубаева Күлпан Махаметова қатысты.
Сала мамандары нашақорлық індеті жер бетінде миллиондаған адамның өмірін жалмап жатқанын және аталған індеттің шекараны, жасты, нәсілді талғамайтынына тоқталып, есірткіден бойды аулақ салудың маңызын, салауатты өмір сүру салтын ұстанудың маңызды екендігін жеткізді.
Полицей студенттерге есірткі заттарын өткізу мен таратқаны үшін жазаларды, нашақорлық мәселелері бойынша деректер мен статистиканы мысалға келтіре отыра түсіндіру жұмыстарын әрмен қарай жалғастырды.
Нашақорлық – есірткі заттарына паталогиялық құмарлық. Нашақорлық– бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Нашақорлыққа көбінесе жасөспірімдер шалдығады, алайда осы кезде ересектер арасында да есірткінің тұзағына түсіп қалған адамдар көбейіп келеді. Нашақорлық–жеке тұлғаның толық бұзылуы. Нашақорлықты емдеумен айналысатын мамандар оны «биопсихоәлеуметтік рухани» бұзылыс деп атайды. Яғни есірткіге тәуелді адам бірте-бірте өзін-өзі сыйлауды жоғалтады: өзінің адамгершішік қасиеттерін жояды, психикасы қалыпты болмайды, достарынан, отбасынан айырылады, мамандық ала алмайды және қоршаған адамдарға, өзіне зиян келтіреді.
Есірткілер немен қауіпті?
Есірткілерді тұтыну психикалық және тәндік тәуелділікке, адам тұлғасының кейде азғындалуға дейін өзгеруіне, денсаулығының нашарлауына (ауруларға және асқынуларға) әкеліп соғады және өміріне қауіп төндіреді.
Есірткі тұтынатын жасөспірімдер мен жастар өздерін қоғамға және Заңға қарсы қояды, олардың болашағы жоқ. Нашақорлыққа шалдыққан науқас өмірінің орташа ұзақтығы 2-3 жыл.
Нашақорлық қоғам дерті. Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Бұл жерде заң сақшылары нарколог мамандар, ата-аналар және сіздер мен біздер әрбір Қазақстан азаматы шетте қалмау керек. Ғасыр дертімен күресу керек. Дүниедегі ең қымбат нәрсе ол сенің өмірің. Сенің өмірің ол өз қолыңда.
Айта кетейік, есірткі мен нашақорлыққа қарсы алдын-алу жұмыстарын атқару, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, үгіт насихат жұмыстарын жүргізу, еліміздің болашағы — жастарды нашақорлық індетінен аластату барлық мүдделі органдардың міндеті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақстан көпсалалы колледжінің студенттеріне «Қыздар кеңесі» мектебі жобасы аясында «Қыз өссе - елдің...