ҚЫЗДАР АРАСЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ҚЫЗДАР АРАСЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Қоғамның басты байлығы адам болса, парасатты да тәрбиелі қыздар – қоғамның ортаймайтын ең құнды қазынасы. Осы орайда, Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен қыздар арасында семинар-тренинг өткізді, деп хабарлайды ақпарат агенттігі NO-COMMENT.KZ.
Жастарды саналы отбасылық некелі өмірге дайындау, ойланбай қарым-қатынасқа түсудің алдын алу мақсатында өткен семинар-тренингке Абай ауданының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының полиция майоры Бектемисова Гүлвира, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психологы Шынтөреева Айгүл қатысты.
Спикерлер Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінің қыздарына жасөспірімдер арасында белең алып жатқан ерте жүктіліктің алдын алуға бағытталған профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, отбасындағы зорлық-зомбылыққа тоқталды.
Семинар әрмен қарай сұрақ-жауап түрінде өрбіп, қыздар арасындағы өзекті мәселелер төңірегінде өзара пікір алмасылды.
Кездесуді ерекше форматта ұйымдастырдық. Ақ жаулықты аналар ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлерді, отбасы құндылығын, отбасындағы еркек пен әйелдің рөлін сахналық көрсетілімдермен ұғындырды.
Қазіргі таңда жас отбасылар арасында ажырасу жағдайы жиі кездеседі. Бұл мәселені шешу үшін әрбір отбасындағы ерлі-зайыптылар бір-біріне түсіністікпен қарап, бір-бірін сыйлай білу керек. Бүгінде отбасындағы ер адамға қарағанда әйелдің рөлі басымырақ. Қандай жағдай болмасын, қай кезде де еркек адам әйелден бір саты жоғары тұрады. Сол кезде отбасында ата-ана, балалары да әрқашан тату-тәтті өмір сүреді. Жастармен бірлесе дайындаған сахналық көріністе осы ойлардың бәрі айтылады. Мұның өзі жастарға ой салып, тәлім-тәрбие береді деген ойдамын, — деді Айгүл Шымтөреева.
Шымкент қаласында мұндай бағыттағы кездесулер аға буынның қатысуымен тұрақты түрде өтіп келеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Мекемтас Мырзахметұлының дүниеден өтуіне...

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, осы бағытқа инвестиция тарту, терең өңдеу ісін ширатып, су үнемдеу технологияларын енгізу...