Коронавирус Антарктидаға жетті

Коронавирус Антарктидаға жетті

Чили зерттеу станциясында COVID-19 жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді. Осылайша, енді Антарктида коронавирус инфекциясы жоқ жалғыз құрлық емес, - деп хабарлайды Tengrinews Daily Mail-ге сілтеме жасап.

Дереккөз мәліметінше, Антарктидадағы O'Higgins Riquelme ғылыми станциясында 36 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды. Олар тапсырған ПТР-тест оң нәтиже берген.

Әскерилердің айтуынша, вирусты 26 әскери қызметкер мен базаға қызмет көрсететін мердігер компанияның 10 қызметкері жұқтырған.

Барлық науқасты медициналық ғылыми қызметкерлер аурудың симптом пайда болғаннан кейін эвакуациялаған. Кейін олар коронавирустың бар-жоғына ПТР-тест тапсырған.

O'Higgins станциясына жаңа команда жіберілген. Олар алын ала карантинде болған, COVID-19-дың бар-жоғына ПТР-тест тапсырған. Ол теріс нәтиже көрсеткен.

Сондай-ақ, Антарктидада коронавирус жұқтыру дерегінің тіркелуі 27 қарашада Чилиден келген Sargento Aldea әскери кемемен байланысты екені айтылады. Ол континентке жүктерді жеткізген. Алайда 16 желтоқсанда Чилидің оңтүстігіндегі Талкауано портына оралғанда экипаждың 208 қызметкерінің үшеуінен коронавирус анықталған.

Айта кетейік, O'Higgins Riquelme станциясы - Антарктикадағы жұмыс істейтін 13 базаның бірі. Ол Чилиге тиесілі. Станция Антарктика түбегінің солтүстік нүктесінен алыс емес, Горн мүйісіне жақын.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірқатар медициналық ұйымдарға барып, өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, БАҚ...

2025 жылғы 23 тамызда Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» ұранымен жалпықалалық сенбілік өтті. Экологиялық шараға 3 755 адам қатысып, 136 техника...

Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының 30 жылдығына орай «30 жылдық...

Шығыс Қазақстан облысында ауылдық елді мекендерде азаматтық қорғау жүйесін дамыту және өртке қарсы қауіпсіздікті нығайту бойынша жұмыстар жалғасуда.  Жыл соңына дейін...