ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТАЛ ЕГУ ШАРАЛЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТАЛ ЕГУ ШАРАЛЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Шымкентте «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында жас экологтар тал екті. Акцияның “Жасыл аймақ” акциясы барысында барлық қала тұрғындары ағаш көшеттерін отырғызу және ақтау жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ақпарат агенттігі NO-COMMENT.KZ сілтеме жасап Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Іс шараға мектеп оқушылары да атсалысты. Белсенділер мектеп аулаларын абаттандырып, гүлдер отырғызды. Жалпы саны 30-ға жуық декоративті шырша ағашы мен 200 түп гүл отырғызылды.
Ал спортшылар Әл-Фараби көшесіне 100 түп көшет ағашын екті. Саябақтарды көгалдандырып, тазалық шараларын жүргізді. Шараға елге танымал спортшылар да өз үлесін қосты.
Бұдан бөлек, мәдениет мамандары да экологиялық акция аясында қала көшелерін санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Белсенділер республикалық деңгейде өтіп жатқан акцияға барлық қала тұрғындарын қатысуға шақырады. Өйткені, таза қала сіз бен бізден басталады.
Сондай-ақ аудан, қала көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға бағытталған.
Айта кетейік, елімізде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы өтіп жатыр. Экологиялық шара әр апта сайын белгілі бір тақырып аясында өтеді. Мәселен, бірінші апта «Таза өлке» деп аталады. Тұрғындар, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындар үйлері мен ғимарат аумақтарында тазалық жүргізеді. «Киелі мекен» деп аталатын екінші апта тарихи-мәдени ескерткіштер аумағын абаттандыруға арналады. Ал үшінші аптада көшеттер отырғызылып, ағаштардың түбі әктеледі. «Өнегелі ұрпақ» дейтін төртінші аптада ардагерлер сарайы мен қарттар үйлерінің аумақтарын тазарту көзделген. Соңғы бесінші аптада өзен-бұлақтардың арнасы қоқыстан тазартылады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шымкент қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Ерлік - мәңгі ұмытылмайды» тақырыбында Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық экономикалық...