ШЫМКЕНТТЕ XVI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ПӘНДІК ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ XVI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ПӘНДІК ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ

Бүгін М. Әуезов атындағы ОҚУ-да «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының ұйымдастыруымен 6В11210 – «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» Білім беру бағдарламасы аясында «ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ» пәні бойынша жоғары оқу орындарының студенттері арасында XVI Республикалық студенттік пәндік олимпиада басталды, деп хабарлайды no-comment.kz ақпарат агенттігі.
Олимпиаданың ашылуына М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректорының м.у.а. Қ.Е.Нұрманбетов, «Сәулет, құрылыс және көлік» факультетінің деканы PhD, қауымдастырылған профессор Ш.К.Шапалов, «ҚОҚжТҚ» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к.. қауымдастырылған профессор Л.И. Раматуллаева және «СҚжәнеК» факультетінің СҒЗЖға жауапты, Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының профессоры А.С. Колесников сөз сөйлеп, студенттік командаларға шығармашылық табыс пен жеңіс тіледі.
Олимпиадаға ҚР 11 жоғары оқу орнынан, барлық өңірлерден студенттік командалар қатысуда.
I турдың қорытындысы бойынша бірінші үштікті Ш.Есенов атындағы Каспий инжиниринг және технологиялар университетінің «Дабыл» командасы (142 балл), Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінен «KazNARU» (132 балл) және М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінен «Жалын» өтті. Бірінші тур кестесіндегі қорытынды орынды «AJ - Аманжолов жастар» командасы 46 баллмен жапты.
Бұл іс-шара студенттердің академиялық дағдыларын дамытып қана қоймай, сонымен қатар әр түрлі аймақтардағы университеттер арасындағы достық байланыстарды нығайтады. Мұндай олимпиадалар тәжірибе мен білім алмасу үшін маңызды алаң болып табылады, сондай-ақ өмір қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы болашақ мамандардың кәсібилік деңгейін арттыруға ықпал етеді. Тапсырмалар мен байқаулардың әртүрлілігі студенттерді шығармашылық ойлау мен тапқырлыққа ынталандырады, бұл болашақта нақты кәсіби міндеттерді сәтті шешу үшін маңызды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Сенбі, 18 мамыр күні Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеіңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының...