ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІН ЕҢ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖОБАСЫМЕН ТАНЫСТЫРДЫ

ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІН ЕҢ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖОБАСЫМЕН ТАНЫСТЫРДЫ
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жұмыс сапарымен Шымкент қаласына келді, деп хабарлайды ақпарат агенттігі NO-COMMENT.KZ сілтеме жасап Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Ведомство басшысы «АйМар Құс» ЖШС жұмысымен танысып, шаруалармен кездесті. Кездесу барысында шаруалармен бірге сүт-тауарлы фермалар мен көкөніс қоймаларын жеңілдікпен несиелендіру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, шаруалар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге салықтың тарифтік ставкасын төмендетуді және асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялау ережелеріне өзгерістер енгізуді сұрады.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Ауыл шаруашылығы министріне мегаполис аумағында салынатын қызанақ өсіруге арналған жаңа форматтағы ең ірі жылыжай кешенінің жобасын да таныстырды.
Құны 650 миллион АҚШ долларын құрайтын инвестициялық жобаны түріктің “Alarko Holding” компаниясы жүзеге асырады. Жаңа технологияларға негізделген жылыжай 500 гектар аумақты қамтиды. Нәтижесінде 2000 жаңа жұмыс орны ашылады.
Жұмыс сапары қорытындысында министр қаладағы агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытында атқарылып жатқан шараларды оң бағалады. Сондай-ақ мемлекет тарапынан барлық қажетті қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Айта кетейік, 30 наурызда Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков құс фабрикасының ашылуына қатысты. "Аймар Құс" ЖШС бірінші кезеңде жылына 72 млн. дана жұмыртқа өндіреді. Бұл қала халқының жұмыртқа өніміне сұранысының 42%-ын қамтиды. 4 млрд. теңгені құрайтын инвестициялық жоба 50-ден астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысы тапсырмалары аясында бүгінде қалада ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған кешенді жоспарлар іске асырылуда. Қазір мегаполисте 5 мыңнан астам шаруа қожалықтары, 50-ге жуық түрлі қайта өңдеу кәсіпорындары жұмыс істейді. Жыл сайын 50 млрд.теңгеден астам сомаға ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіреді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Мекемтас Мырзахметұлының дүниеден өтуіне...

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, осы бағытқа инвестиция тарту, терең өңдеу ісін ширатып, су үнемдеу технологияларын енгізу...