ШЫМКЕНТТІҢ ҒАЛЫМДАРЫ «АЛТЫН ОРДА ЖӘНЕ ОНЫҢ МҰРАСЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ШЫМКЕНТТІҢ ҒАЛЫМДАРЫ «АЛТЫН ОРДА ЖӘНЕ ОНЫҢ МҰРАСЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
Түркістанда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Түркістан облысының әкімдігінің ұйымдастыруымен «Алтын Орда және оның мұрасы» халықаралық конференциясы өтті. Аталған жиынды өткізу туралы бастаманы ҚР Президенті өткен жылы ШЫҰ саммитінде айтқан болатын. Конференцияға Қазақстан, Әзірбайжан, Беларусь, Қытай, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Моңғолия, Египет, Катар, Кувейттің белгілі ғалымдары, сарапшылары мен жетекші мамандары қатысты, деп хабарлайды no-comment.kz ақпарат агенттігі.
Халықаралық жиынды ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ашып беріп, шараның маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, министр ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының құттықтау хатын оқып берді.
«Алтын Орда орталық Еуразияның ұланғайыр кеңістігінде мемлекеттіктің бірегей үлгісін қалыптастырған алып держава ретінде тарихта қалды. Қазақстан – орта ғасырларда тұтас ұлттық саяси-экономикалық ахуалына әсері болған осы айбынды мемлекеттің тікелей мұрагері. Жошы ұлысы ұлы дала өркениетінің қарқынды дамуына, батыс пен шығыстың идеялар мен технологиялар алмасуына, түрлі халықтардың мәдени жақындасуына айрықша ықпал етті. Қазір Алтын Орда туралы тарихи деректер мен ғылыми мағлұматтарды терең зерделеу, оны жан-жақты дәріптеу жолында күшейтілген жұмыс жүргізіліп жатыр. Әр елден келген білікті мамандар мен зерттеушілердің күш-жігерін қолдау қажет. Осы жұмыс арқылы бұл бағытта зор нәтижеге жете аламыз. Бүгінгі алқалы жиын Жошы ұлысының сан қырлы мұрасын зерделеу саласында маңызды қадам деп сенемін. Конференция жұмысына табыс тілеймін!» - делінген құттықтау хатта.
Ашылу рәсіміне және конференция барысында екі пленарлық сессия шеңберіндегі жұмыста М.Әуезов атындағы ОҚУ "Тарих және этнология" ғылыми орталығының басшысы Торгаутова Ш.А. "Алтын Орда мемлектерін қалыптастырудағы Ұлы Ұлыстың рөлі" баяндамсымен қатысты.
Конференцияның негізгі мақсаты – академиялық және заманауи ғылыми-білім беру қауымдастықтарының өкілдері Алтын Орданың әлемдік тарихтағы рөлі мен маңызын талқылай алатын, осы тақырыпты зерттеудің жаңа тұжырымдамалық тәсілдері мен үрдістері, сондай-ақ бірлескен ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мүмкіндігі туралы пікір алмасу үшін ашық алаң құру.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Сенбі, 18 мамыр күні Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеіңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының...