ШЫМКЕНТТІК ДЕБАТ ТУРНИРІНДЕ «ҮЗДІК ПІКІРСАЙЫС КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ», «ҮЗДІК ПІКІРСАЙЫС ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ СПИКЕРІ» АНЫҚТАЛДЫ

ШЫМКЕНТТІК ДЕБАТ ТУРНИРІНДЕ «ҮЗДІК ПІКІРСАЙЫС КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ», «ҮЗДІК ПІКІРСАЙЫС ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ СПИКЕРІ» АНЫҚТАЛДЫ
Шымкент қаласы Білім басқармасының Қосымша білім беру оқу салалық орталығының ұйымдастыруымен «Мектептер мен колледждер білім алушыларының пікірсайыс қозғалысын дамытудың республикалық жоспарына» сәйкес, З.Хусанов атындағы №110 жалпы орта білім беретін мектеп базасында ЛД форматында білім беру ұйымдарындағы дебат клуб жетекшілері және 9-11 сынып білім алушылары арасында «Үздік пікірсайыс клубының жетекшісі», «Үздік пікірсайыс қозғалысының спикері» атты қалалық пікірсайыс турнирі өтті.
Мақсаты - «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын, “Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру, білім алушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың бойына құқықтық мәдениетті, азаматтық белсенділікті, жауапкершілікті, білім алушылардың позитивті, сыни ойлауын, өз ұстанымын жүйелі білдіру дағдыларын, пікірталас мәдениетін, дәлелдеу өнерін қалыптастыру, дебаттық қозғалысты насихаттау, қолдау және дамыту болды. Турнирге үш лига бойынша 36 білім алушы (қазақ- 16, орыс- 10, ағылшын - 10), 24 дебат клубының жетекшілері (қазақ- 13, орыс – 5, ағылшын- 6) қатысып, өзара сынға түсті. Жас пікірсайысшылар мен клуб жетекшілері ойын барысында ұтымды ойларымен бөлісіп, қоғамдағы түйткілді мәселелердің шешу жолдарын ұсынды.
Ойын қорытындысы төмендегідей нәтиже көрсетті.
Қазақ лигасы бойынша: «Үздік пікірсайыс клубының жетекшісі»- Мұса Тоғжан «Зияткер» мектебі; «Үздік жетекші» - Сейдазым Балнұр Т. Рысқұлов атындағы №25 м/г; «Ең креативті жетекші» - Күланова Мадина №130 жоббм; «Ең ділмар жетекші» - Налибаева Жанат №69 жоббм.
Орыс лигасы бойынша: «Үздік пікірсайыс клубының жетекшісі»- Мейрбекова А. №1 м/г; «Үздік жетекші» - Гебель Елена Оңдасынов атындағы №38 м/г; «Ең креативті жеткекші» - Умбарова Индира №36 жоббм; «Ең ділмар жетекші»- Оразбаев Марат №5 жоббм.
Ағылшын лигасы бойынша: 1. «Үздік пікірсайыс клубының жетекшісі»- Беркинбаева К. №1 м/г, «Үздік жетекші»- Турсунбекова Ж. У. «Болашақ» мектебі; «Креативті жетекші»- Джакашева Гулнур №47 м/г, «Ділмар жетекші»- Налибаева А. «А. Құнанбаев» мектебі;
Қазақ лигасы: «Үздік пікірсайыс қозғалысының спикері» -- Хусаинова Медина №99 м/г; «Үздік спикер» - Әзілхан Бекарыс «№1 Талант» мектебі; «Үздік аналитик»- Әділбай Ратжан №90 ДБАММГ; «Креативті спикер» - Шерехан Аружан №99 м/г; «Ең ділмар ойыншы» - Абибулла Нұрай №41 м/л; «Ең білімді ойыншы» - Орынбаев Рамазан №69 жоббм; «Үздік оратор» - Жолдыбек Ертай №25 м/г; «Үздік кейс» - Сарыбаев Даниял №25 м/г; «Ең үздік талпыныс» - Бахтияров Жасурбек №110 жоббм.
Орыс лигасы бойынша: «Ең үздік спикер» - Уласбек Ақнұр №3 жоббм; «Үздік спикер» - Курносов Егор №1 м/г; «Үздік кейс» - Шобаров Даулет «Фринбридж» мектебі; «Ең үздік талпыныс» - Бахтиярова Гавхар №110 жоббм; «Креативті спикер» - Русланұлы Теңіз №36 жоббм; «Ең білімді ойыншы» - Зайцева Ульяна №41 м/л; «Үздік Аналитик» - Жүсіп Даниял №47 м/г; «Ең ділмар ойыншы» - Гулянгина Алина №38 м/г; «Үздік оратор» - Сарсен Низафа №47 м/г.
Ағылшын лигасы бойынша: «Ең үздік спикер» - Әмірбек Еркеназ №1 м/г; «Үздік спикер» - Өскентай Б. «А.Құнанбаев» мектебі; «Үздік оратор»- Алтай Сауле А. Байтурсынов атындағы мектеп; «Үздік аналитик» - Мирзахматова З. «Астана» мектебі; «Ең білімді ойыншы» - Әбләш Нұрбақыт №23 м/л; «Креативті ойыншы»- Махатай Аружан №47 м/г; «Үздік кейс»- Ниязметов Юсуф №110 жоббм; «Ең үздік талпыныс»- Магсумова С. №41 м/л; «Ең ділмар ойыншы»- Қуанышбай Ақтоты №87 жоббм. Ұшқыр идеяларымен ерекшеленген басқа да спикерлер алғыс хаттар, дипломдермен марапатталды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, энергетика министрі Алмасадам...

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жылыту маусымының қорытындысы мен келесі жылыту маусымына дайындық...