ДОМБЫРА БЕЙНЕСІНДЕ МӘДЕНИ НЫСАН САЛЫНАДЫ

ДОМБЫРА БЕЙНЕСІНДЕ МӘДЕНИ НЫСАН САЛЫНАДЫ
Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаев салада 2023 жылы және 2024 жылдың I тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы баяндап, биылғы жоспарларымен бөлісті. «Түркістан» сарайында өткен жиынға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, мәдениет саласы мамандары, зиялы қауым, аудан әкімдіктерінің сала бойынша мамандары және БАҚ өкілдері қатысты.
Басқарма басшысы алдағы уақытта мәдениет мекемелерін әр ауданның меншігіне беруді, сол арқылы әр ауданның мәдениетін, іс-шара ұйымдастыру деңгейін көтеруді ұсынды.
Қала әкімінің орынбасары бұл ұсынысқа оң пікірін білдірді.
С.Құранбек мәдениет саласындағы өзекті мәселелерді айтып өтті. Қалада 6 теарт болса, тек Орыс драма театрының ғимараты талаптарға сай келеді. Қалған 5 нысанның техникалық базасынан бөлек, ғимараттың өзі талаптарға сай келмейді. Ал, «Түркістан» сарайына әлі күнге дейін жылу берілмеген.
Шымкент қаласындағы «Салт-дәстүр» орталығы Түркістан облысының меншігіне берілген. Осыған орай қала орталығынан домбыра бейнесінде жасалған нысан құрылысын бастау жоспарланыпты. Бірінші қабатында қажетті кабинеттер және керекті заттар орналастырылса, жоғары қабатынан бүкіл қала көретіндей болмақ.
Сонымен қатар, кеңес барысында жас таланттарды қолдау және мүмкіндігі шектеулі жандардың қаланың мәдени өміріне қатысуын қоса алғанда, халықтың әртүрлі жас топтары мен әлеуметтік санаттары үшін мәдени бағдарламалар мен іс-шараларды кеңейту қажеттілігі туралы сұрақтар көтерілді. Қаланың көпұлтты контекстінде ұлттық және мәдени дәстүрлерді сақтау мен ілгерілетудің маңыздылығы да талқыланды.
Жиынға қатысушылар қала әкімінің орынбасарына ұсыныстарын, талап-тілектерін жеткізді.
Алқа мәжілісінде мәдениет саласындағы бірнеше мәселе айтылды. Жұмыс нәтижесі келер күннің еншісінде қалмақ.
Жалпы, кеңес мәдени саланы дамытуға байланысты көптеген мәселелерді анықтап, Шымкент қаласында қолайлы және алуан түрлі мәдени ортаны құру үшін барлық мүдделі тараптардың бірлескен күш-жігерінің маңыздылығын атап өтті.
 
 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, энергетика министрі Алмасадам...

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жылыту маусымының қорытындысы мен келесі жылыту маусымына дайындық...