ПРОФОРИЕНТАЦИЯ: БОЛАШАҚ БҮГІННЕН БАСТАЛАДЫ

ПРОФОРИЕНТАЦИЯ: БОЛАШАҚ БҮГІННЕН БАСТАЛАДЫ
Шымкент қаласы Білім басқармасының Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Білім-инновация қыз балаларға арналған №2 лицей-интернаты базасында өткен семинарда кәсіби бағдар беру – қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыру мен болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесу мақсатында «Болашақ бүгіннен басталады» тақырыбында тәжірибелік – семинар өтті, деп хабарлайды ақпарат агенттігі NO-COMMENT.KZ сілтеме жасап Шымкент қаласының білім басқармасыңа.
Аталған іс-шараға Шымкент қаласының Білім басқармасына қарасты Еңбекші ауданының білім беру ұйымдарының кәсіби бағдар беруші педагогтері қатысты.
Іс-шара барысында Алғы сөзді мектеп директоры «Білім-инновация» лицейлерінің кәсіби бағдар беру жүйесімен таныстырып, тыныс тіршілігін атап өтті, Әдістемелік орталықтың әдіскері Салибекова Мадина Шанабекқызы педагогтар мен психологтардың қажеттілігіне қарай ата-анамен байланыс арқылы оқушының қабілеті мен бейімділігін, кәсіптік ақпарат арқылы әр түрлі мамандықтардың маңызы мен мәні туралы түсініктер алатынын атап өтті.
«Кәсіби бағдар беруші кім?» Қожасова Нұр-Бану Лескенқызы, «Қазақстанның жоғары оқу орындарына тиімді дайындау жолдары» Құдайберген Жансая Қайратқызы, Кабылкаев Дукат «Кәсіптік бағдар беру» тақырыбындағы баяндамаларында іс-тәжірибелерімен бөлісіп, құнды ақпараттарды мәлімдеді.
Семинар соңында Мусаев Жандос Батиханұлы келген қонақтарды төрт топқа бөліп, «Brain Rain» интеллектуалдық ойынын жүргізді.
Семинар жоғары деңгейде өткізілді, қатысушылар іс-шараға белсенді қатысып, лицей педагогтерінен кері байланыс алды.
Жалпы, семинар қатысушылардың белсенді өзара іс-қимылын қамтамасыз ете отырып және оларға лицей педагогтарынан кері байланыс бере отырып, жоғары деңгейде өтті. Бұл іс-шара оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауын қалыптастыруға ықпал етіп қана қоймайды, сонымен қатар оларға болашақ мансаптық жоспарларында ақпарат пен қолдау алуға мүмкіндік береді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек АҚШ-та жоғары білім мен ғылым саласындағы стратегиялық әріптестікті дамытуға бағытталған бірқатар...

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Қауіпсіздік Кеңесі отырысында берген тапсырмаларын орындау бойынша Көлік, Қаржы министрліктері...