ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «Әскери-стратегиялық зертеулер орталығы» АҚ ұсыныс хаты негізінде Шымкент қаласының білім басқармасы Әдістемелік орталының ұйымдастыруымен «Алғашқы әскери технологиялық дайындық» пәнінің оқытушы-ұйымдастырушы мұғалімдерінің «Кәсіби құзыреттілігін дамыту және технологиялық оқыту» жол картасы шеңберінің аясында Ресаубликалық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтті, деп хабарлайды ақпарат агенттігі NO-COMMENT.KZ сілтеме жасап Шымкент қаласының білім басқармасына.
Жастарды әскери қызметке тәрбиелеу және даярлау процесінде білім беру ұйымдары мен күш құрылымдарының еңбегін біріктіру шеңберінде Шымкент қаласының оқушылар сарайында білім басқармасына қарасты білім беру ұйымдарының алғашқы әскери технологиялық дайындық мұғалімдері, С. Рахимов атындағы «Жас Ұлан» әскери мектебінің курсанттары, және жоғарғы оқу орындарының студенттері, қалалық әкімдік өкілдері, күш құрылымдары мен Қарулы Күштер ардагерлері, білім ошақтарының «Жас Жарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері жалпы 300-ге жуық адам республикалық ғылыми-әдістемелік конференцияға қатысты.
Бұл іс-шараны өткізудің мақсаты мен маңыздылығы білім беру ұйымдары мен күш құрылымдарының күш-жігерін оқу-тәрбие процесінде және әскерге шақырылушыларға дейінгі жастарды әскери қызметке даярлау сапасы мен оқу орындарындағы әскери-патриоттық жұмыстың мазмұны, өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеу, оны іске асырудың кез-келген саласындағы мемлекеттік саясаттың аса маңызды басым мақсаттарының бірі ретінде бүгінгі таңда қазіргі қоғамды дамытудың объективті қажеттілігі мен қажетті шарты болып табылады.
Фойеде Халық Қаһарманы ҰОС ардагері тұңғыш армия генералы ҚР бірінші Қорғаныс министрі Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтің және ҰОС ардагері Рақымжан Кошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналып дарынды оқушылардың қатысуымен сурет салу көрмесі және әскери қару-жарақ пен әскери киім үлгілері ұйымдастырылды.
Конференция соңында оқушылар сарайының тәрбиеленушілері патриоттық концерт ұйымдастырды, ол тек музыкалық және би композицияларынан ғана емес, сонымен қатар Ұлы Отан соғысы туралы спектакль қойылымы мен қонақтарды тәнті етті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ