ШИРЕК ҒАСЫР БЕКЗАТ ӨНЕРГЕ БАУЛЫҒАН МЕКТЕП

ШИРЕК ҒАСЫР БЕКЗАТ ӨНЕРГЕ БАУЛЫҒАН МЕКТЕП
Бүгін “Түркістан сарайында” сұлулық пен нәзіктік салтанат құрды десек болады. Талдырмаш мүсін, аққу құстай әсемдік, сырбаздық концерт залын баурап алды. Шіркін, сұлу өнердің костюмдерінің өзі бір төбе ғой. Бұл бекзат өнерді дәріптеген “Мейір” балет мектебінің 25 жылдық “Ширек ғасыр шыңдары” атты мерекелік концерті еді. Республикаға танымал мектептің мерейтойына елімізге белгілі өнер ұжымдары, “Гүлдер” ансамблі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық академиясы ұжымынан өнерпаздар келіп, ән-биден шашу шашты.
Сондай-ақ, Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева мен Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Басқарма басшылары жәй құттықтап келмепті, қиын-қыстау кезеңде, өнерді сүйген арда азамат Болат Атаханұлы негізін қалап кеткен балет мектебін шашыратпай, игі істі жалғастырып отырған жары, мектептің директоры Ламила Тайкеноваға ҚР Оқу-ағарту министірінің аманаты деп, “Еңбек ардагері” медалін ұсынды.
-Биші болу үлкен қажырды талап етеді. Әсіресе балет­ өнерінің жүгі ауыр. Мына концерт көп еңбектің нәтижесі. “Мейір” мектебінің еңбегі тек қаламызда ғана емес, республика көлемінде бағасын алған. Мектеп ұжымына барша ата-аналардың атынан алғыс айтамын, - деді Нұргүл Ақылбекқызы.
Би өнері ішкі рухани әлемді ашады, адамды сұлулыққа тәрбиелейді, игі қасиеттерді оятады. Осындай сұлу өнерді насихаттап жүрген ұжымға еңбектеріңіз жана берсін дегіміз келеді.
Қорытындылай келе, бұл керемет кеш бізді өнер әлемінде қоршап тұрған күш пен сұлулықты еске түсіреді. Ол біздің таланттарымыз бен ұмтылыстарымыздың ашылуына ықпал ете отырып, әрқайсымыз үшін шабыт көзі болсын. Осы сахнада естілген музыканың әр дыбысы мен би қозғалысы әрқайсымыздың бойымыздағы сұлулықты және армандарымызды шындыққа айналдыру қабілетімізді еске түсірсін. Бүгін Түркістан сарайында біздің жүрегімізде өмір сүруді жалғастыратын және бізді жаңа биіктерге шабыттандыратын сиқыр жасалды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Аталған Жарлық Президенттің биыл 7 ақпандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын орындау шеңберінде әзірленді, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі...