БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН ЖЕЛАЯҚТАР

БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН ЖЕЛАЯҚТАР
Бүгін таңертемен спорт сүйер көпшілік қаламыздың мақтанышы “Дендросаябаққа” жиналды. Онда Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай жаппай жүгіру өтті.
Іс-шараға әуесқой, белсенді қала тұрғындары, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы, Дене шынықтыру және спорт басқармасы, этномәдени бірлестік мүшелері мен қатар ассамблея жастары қатысты.
Ұйымдастырушылар жарыстың мақсаты – қаламыздағы барлық этностарды, қала тұрғындарын бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтының төңірегіне топтастыру екенін атап өтті.
-Біздің күшіміз - бірлікте! Қашанда татулық пен ынтымақты ту еткен еліміз үшін өзге ұлт өкілдерімен достық қарым-қатынаста болып, біртұтастықта өмір сүру маңызды. Еліміздегі болып жатқан өткінші қиыншылықты да бірге еңсереміз. Қиын-қыстау кезеңде қол ұшын, көмегін аямаған этномәдени бірлестіктердің мүшелеріне барша халық атынан алғыс айтамын. Бүгінгі жаппай жүгіру күнделікті әдетке айналуы керек. Қала халқын дене шынықтырумен айналысуға шақырамын, - деді өз сөзінде Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Бақтияр Өнербаев.
Жүгірушілер 5 шақырым қашықтықты оңай әрі жеңіл еңсеріп келді. Көбі 15-20 минутта мәреге жетті. Алғашқы болып, әрине, 2-ші спорт мектебінің жаттықтырушысы Азизхан Камилжанов жетті.
Шара соңында қатысушылардың барлығына тиісті сертификаттар табысталды.
Қол шапалақтау мен қуанышты леппен бұл керемет жарыс аяқталды, қатысушылар мен көрермендердің жүрегінде өз елі мен қаласы үшін мақтаныш сезімі қалды. Бұл күн тек спорт мерекесіне ғана емес, сонымен бірге болашақта ынтымақтастық пен өзара түсіністікке шабыттандыратын бірліктің символына айналды. Барлық қатысушылар мен ұйымдастырушылар келесі оқиғаны асыға күтеді, онда олар қайтадан кедергілерді жеңіп, жаңа жетістіктерге ұмтыла алады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Аталған Жарлық Президенттің биыл 7 ақпандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын орындау шеңберінде әзірленді, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі...