Әуезов университетінің ақпараттық-білім беру орталығында «Сәулет, құрылыс және көлік» факультеті «Техникалық мамандықтарға арналған практикалық орыс тілі» кафедрасының ұйымдастыруымен «И Пушкин нам опять сердца расшевелит...» атты оқырмандар байқауы өтті.
Өскелең ұрпақты әлем әдебиетінің классигіне айналған ұлы ақын А.С.Пушкиннің шығармаларын кеңінен насихатауды мақсат еткен байқауға Шымкент қаласындағы бірқатар оқу орындарының студенттері мен оқушылары қатысьы. Байқау қатысушылар ұлы ақынның өлеңдерін жатқа, мәнерлеп оқудан жарысты. Мұнда ерекше белсенділік танытқан М.Әуезов атындағы ОҚУ, М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің студенттері мен А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының оқушылары болды.
Іс-шара қорытындысы бойынша 1 орынды М.Әуезов атындағы ОҚУ «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебінің студенті Жанаева Аяулым, 2 орынды М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің 2 курс студенті Төрехан Аяулым және А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының «Гимназисттер» командасы иеленсе, ал 3 орынды М.Әуезов атындағы ОҚУ «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің студенттері Ибадуллаева Мөлдір мен Мамыралы Жанна иеленді.
Сонымен қатар «Көрермен көзайымы» номинациясын А.С.Пушкин атындағы № 1 мектеп-гимназиясының оқушысы Битуреев Дамир, «Үздік костюм» номинациясын А.С.Пушкин атындағы № 1 мектеп-гимназиясының «Гимназисттер» командасы, «Үздік өнерпаз» номинациясын А.С.Пушкин атындағы № 1 мектеп-гимназиясының оқушысы Шалқар Аружан жеңіп алды. Бұл байқау ұлы ақынның әдеби мұрасына деген қызығушылықты арттырып қана қоймай, көпшілік алдында сөйлеу және қатысушылардың әдеби қабылдау дағдыларын дамытады. Үздік өкілдерді ынталандыру студенттер мен оқушылардың сөйлеу мәдениеті мен эстетикалық талғамын қалыптастыруға ықпал етеді, бұл олардың жеке дамуы мен қоғамға сәтті бейімделуі үшін маңызды.