«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖӘНЕ AUEZOV UNIVERSITY-ДЕ ТИҚО РЕСУРСТАРЫ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ»

«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖӘНЕ AUEZOV UNIVERSITY-ДЕ ТИҚО РЕСУРСТАРЫ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ»
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Сәуір – ғылым айы» аясында Халықаралық зияткерлік меншік күніне арналған «Қазақстандағы және Auezov University-де ТИҚО ресурстары мен қызметтері» тақырыбында семинар өтті, деп хабарлайды no-comment.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шарада Технологияларды, инновацияларды қолдау және зияткерлік меншікті қорғау орталығының бастығы Саипов Абдилла Әбибуллаұлы сөз сөйледі. Семинарға университет магистранттары, PhD-докторанттары, жас оқытушылары және бизнес өкілдері қатысты.
Семинарды мақсаты – Қазақстан Республикасындағы технологиялар мен инновацияларды қолдау орталықтарының қызметімен танысу және олардың Auezov University-дегі рөлі.
Іс-шарада өңірлерінің инновациялық дамуындағы зияткерлік қызмет нәтижелерін және дараландыру құралдарын коммерцияландыруға, қазақстандық қоғамның патенттік мәдениетін қалыптастыруға, зияткерлік меншік саласындағы елдің егемендігін сақтауға идеядан бастап патенттік-ақпараттық қолдауға бағытталған ЦПТИ желісінің рөлі атап өтілді. Технологиялар мен инновацияларды қолдау орталықтары бағдарламасының ағымдағы жай-күйі, еліміздегі Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы жобасының трендтері, сын-тегеуріндері мен даму перспективалары мәселелері қозғалды. Сондай-ақ, технологиялар мен инновацияларды қолдау Орталықтарын мамандандырылған патенттік ақпаратты (ASPI) пайдалана отырып, патенттік іздеуді жүргізуге қолжетімділікпен қамтамасыз ету мүмкіндіктері атап өтілді.
Семинар соңында жас ғалымдардың ғылыми әзірлемелерін шетелде патенттеу мәселелері және Оларды Derwent Innovations Index (Web Of Science, Clarivate Analytics) дерекқорына енгізу мүмкіндіктері көтерілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Мекемтас Мырзахметұлының дүниеден өтуіне...

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, осы бағытқа инвестиция тарту, терең өңдеу ісін ширатып, су үнемдеу технологияларын енгізу...