Навальный 13 жылға сотталуы мүмкін

Навальный 13 жылға сотталуы мүмкін

Ресей билігі оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйды 13 жылға соттауға ниетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy Bloomberg-ке сілтеме жасап хабарлады.  

Басылым «Кремль Навальныйды бірнеше жыл түрмеде ұстауға ниетті» екенін жазады.

«Ол 2 ақпанда тағайындалған сот отырысында 3,5 жылға дейін сотталуы мүмкін. Тағы 10 жылға бас бостандығынан айыратын іс дайындалып жатыр», - делінген Bloomberg-те. 

Дереккөздер Кремль Навальныйды Батыс елдер Үкіметтерінің атынан жұмыс істейді деп айыптайды деп санайды.

«Билік Навальный бастаған наразылық қозғалысы ол түрмеге жабылған соң бағытын жоғалтады деп үміттенеді», - деп жазады басылым.

17 қаңтарда Навальный Германиядан Ресейге оралды. Шереметьево әуежайынан оны Химкидегі Ішкі Істер Органына апарды, онда дереу сот өтті. Оппозиционер 30 тәулікке қамауға алынды. 29 қаңтарда оның сынақ мерзімін бұзу және шартты мерзімді нақты мерзімге ауыстыру туралы отырыс өткізілуі керек еді. 14 қаңтарда Навальныйға қылмыстық-атқару инспекциясының бақылауынан жалтарғаны үшін іздеу жарияланғаны белгілі болды. Қараша айының соңында Навальныйға қатысты алғашқы іздестіру шаралары жүргізілді. «Ив Роше» қылмыстық ісіне сәйкес, саясаткер 3,5 жылға шартты түрде сотталды.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірқатар медициналық ұйымдарға барып, өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, БАҚ...

2025 жылғы 23 тамызда Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» ұранымен жалпықалалық сенбілік өтті. Экологиялық шараға 3 755 адам қатысып, 136 техника...

Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының 30 жылдығына орай «30 жылдық...

Шығыс Қазақстан облысында ауылдық елді мекендерде азаматтық қорғау жүйесін дамыту және өртке қарсы қауіпсіздікті нығайту бойынша жұмыстар жалғасуда.  Жыл соңына дейін...